Сарапшы смартфоннан 8 қауіпті қосымшаны өшіруге шақырды

Сарапшы смартфоннан 8 қауіпті қосымшаны өшіруге шақырды

Сарапшы смартфоннан 8 қауіпті қосымшаны өшіруге шақырды
ашық дереккөзі
258
Сарапшы Зак Доффман смартфон қолданушыларын сегіз қауіпті қосымшаны жоюға шақырды. Ол бұл туралы Forbes журналында жарияланған мақаласында айттты.  Маманның айтуынша, зиянды бағдарламасы бар Google Play Store қосымшаларының қатарына Cake VPN, eVPN, Pacific VPN, QR/Barcode Scanner MAX, BeatPlayer, Music Player, tooltipnatorlibrary, сондай-ақ QRecorder жатады. Доффманның айтуынша, бұл қосымшалардың қауіптілігі - олар пайдаланушының банктік деректемелерін ұрлап, екі факторлы аутентификацияны айналып өте алады. Сарапшы аталған қосымшаларда смартфонға кез-келген зиянды бағдарламаны орнатуға қабілетті Сlast82 трояны бар екенін айтты. Clast82 вирус жұққан гаджетке қашықтан қол жеткізеді, содан кейін AlienBot қосымшасын банктік деректерді ұрлау үшін орнатады. Маман қауіпті қосымшаларды жойғаннан кейін  банктік шоттарды тексеруді, сондай-ақ мобильді банкке кіруге мүмкіндік беретін құпия сөздерді өзгертуді ұсынды.

Серіктес жаңалықтары