Алматы облысында үш жасар қызды қағып өлтіріп, денесін қараусыз ғимаратқа тастап кеткен күдікті іздестірілуде

Алматы облысында үш жасар қызды қағып өлтіріп, денесін қараусыз ғимаратқа тастап кеткен күдікті іздестірілуде

Алматы облысында үш жасар қызды қағып өлтіріп, денесін қараусыз ғимаратқа тастап кеткен күдікті іздестірілуде
ашық дереккөзі
351
Алматы облысы Қорам ауылында үш жасар қыздың өліміне себепкер болған күдікті 10 айдан бері табылмай жатыр деп хабарлайды "КТК" арнасы. Үш жасар Мөлдірдің жол апатынан көз жұмғанын сараптама қорытындысы көрсеткен. Сәбиді көлікпен қаққан әлдебіреу оны қансыраған күйі қараусыз ғимаратқа тастап кеткен. Тұрғындар жабылып, бүлдіршінді іздеп тапқан кезде тым кеш еді. Қара жамылған ата-ана содан бері істің сағызша созылғанына наразы. Қайғылы оқиға былтыр 1 мамырда болған. Үш жасар Мөлдір кешкі астан соң далаға ойнауға шыққан екен. Ал жарты сағаттан соң ата-ана қыз баланың жоқтығын байқап, бүкіл Қорам батыр ауылы дүрлігіп, оны іздеуге кіріседі. Бүлдіршін алты сағаттан кейін бос ғимараттың ішінен түнгі сағат бір жарым шамасында табылған. Оны осында іздеп келген ауыл тұрғындары байқайды. Куәгерлердің айтуынша, Мөлдір жердегі тастардың үстінде қансыраған күйі ес-түссіз жатқан. Тұрғындар қызды дереу ауруханаға жеткізіп, ол бірден жансақтау бөліміне түседі. Ал екі күннен кейін ата-анасының қолына баланың адам көргісіз күйдегі мәйітін беріпті. Қара жамылғандар қызды үйдің қасындағы көшеде әлдекім көлігімен таптап, артынша оны өзімен алып кеткен деп болжайды. Себебі, бастапқыда ол ғимаратта қыз болмаған. Тек ауыл әкімі үйлерді тінту туралы бұйрық бергенде, күдікті бүлдіршінді дереу сонда апарып тастаған болса керек. "Үй-үйді тексерейік, үй-үйді тінтиік деген кезде, сол кезде барып табылып отыр ғой. 5-10 минуттың аралығында", - дейді марқұмның әкесі Қуан Ырыздық. Ал баланың өліміне себеп болған адам әлі күнге дейін бостандықта жүр. "Көліктен өлген деп шығарды. Міне, осы уақытқа дейін қақпаған есігім қалмады. Бәріне бардым. Тергеушіден тергеуші ауыса береді. Не сонда, баланың өлімі ойын ба?! Ай сайын осыған дейін 7-8 тергеуші ауысты. Қызылтудағы Медет Аязбаев "Біз күдікті табылмағаннан кейін істі жабамыз" деді", - дейді марқұмның анасы Перизат Өтелбаева. Қайғыдан қан жұтқан ата-ана іс жылы жабылып қала ма деп күдіктенеді. Ал полицейлер қаскөйді "іздеп жатырмыз" деп сендіруде. "Кінәлі тұлғаларды анықтау бойынша жедел тергеу шаралары жүргізілуде. Кешенді медициналық криминалистік сараптамалар тағайындалды. Оның қорытындысы дайын болғанда, іс бойынша нақты процессуалдық шешім қабылданады", - дейді Алматы облысы ПД ресми өкілі Ақбота Қуанышбекқызы. Қапыда перзентінен айырылғандар кінәлі тиісті жазасын алса дейді. Өйткені мұндай жағдайдың тағы қайталануынан қорқады.

Серіктес жаңалықтары