Құрмаш Маханов аэропортта аруларға арнап ән шырқады (видео)

Құрмаш Маханов аэропортта аруларға арнап ән шырқады (видео)

Құрмаш Маханов аэропортта аруларға арнап ән шырқады (видео)
ашық дереккөзі
386
8-наурыз мерекесін «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының әртістері әйелдер қауымын ерекше форматта құттықтады. Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайымен бірлесіп өткізілген іс-шара аясында елорда тұрғындары мен қонақтары Қазақконцерт солисі, белгілі әнші Құрмаш Маханның өнерін тамашалай алды. Әншінің орындауындағы танымал «Кездесу мен қоштасу» және «Аңсарым» әндері әуежай жолаушыларын тәнті етті. Бұған қоса, Құрмаш Махан әуежайдағы арулар қауымына гүл табыстап, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Жүрек тебірентер әндерді бірге шырқап, тамаша мерекелік көрініске куә болған көрермендер ұйымдастырушыларға өз алғыстарын жеткізді. «Қазақконцерт» ұйымының баспасөз қызметі мәлімдегендей, Қазақконцерттің 60 жылдығы және Халықаралық әуежайдың 90 жылдығы сынды қос мерейтой аясында екі ұйым музыкалық өнерді барша халыққа қолжетімді етіп, алдағы уақытта осындай әлеуметтік-қоғамдық жобаларды бірлесіп ұсынбақ.

Серіктес жаңалықтары