308
Қазақстанның кей аймақтарында жол ашылды
Қазақстанның кей аймақтарында жол ашылды
Ауа райының жақсаруына байланысты еліміздің кей өңірлерінде жолдар ашылып, көлік қозғалысы қалпына келтірілді.
07.03.2021 күні 08.00-ден бастап Шығыс Қазақстан облысындағы «Өскемен-Алтай-Рахман шоқысы» тасжолының 7-66 шақырымы, Ушановское ауылы-Алтай қаласы аумағында көлік қозғалысы қалпына келтірілді.
07.55-тен бастап «Атырау-Орал» автожолының 375-492 шақырымы, Чапаево ауылы-Орал қаласы аумағындағы жол бөлігі ашылды.
08.20-дан бастап «Павлодар-Успенка-РФ шекарасы» тасжолының 0-152 шақырымы, Павлодар қаласы-РФ шекарасы аумағында көліктердің қозғалысына рұқсат берілді.
8.00-ден «Самара-Шымкент» автожолының 776-965 шақырымы, Белоградка ауылы-Қарабұтақ ауылы аумағында көлік қозғалысы жанданды.