Балалар құқығын қорғау туралы заң: 3 кодекске 35 түзету енгізілмек

Балалар құқығын қорғау туралы заң: 3 кодекске 35 түзету енгізілмек

Балалар құқығын қорғау туралы заң: 3 кодекске 35 түзету енгізілмек
ашық дереккөзі
273
Құжатты саралайтын жаңа жұмыс тобының құрамында 65 адам бар. Парламент мәжілісінің депутаты Динара Закиева қоғамда қызу талқыға түскен балалар құқығын қорғау бойынша заңнамалық актілерге енгізілетін өзгерістерді түсіндірді, деп хабарлады inbusiness.kz. Жаңадан құрылғын жұмыс тобының жетекшісі құжаттардағы әрбір жаңашылдық қоғам назарында болады деп сендірді. 2020 жылдың мамырынан бері талқыланып, жалпы саны 14 отырыс өткізген жұмыс тобының құрамы да өзгерген.
«Биыл мәжілістің VII шақырылым депутаттарынан тұратын жаңа жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына 65 адам кірді. Жаңа құраммен 4 рет талқылау өткіздік. Отырыстар мәжілістің сайтында онлайн режимінде көрсетіледі, сондықтан талқылауды кез келген адам қадағалай алады. Қазіргі кезде 3 кодекстегі 6 заңға 35-тен аса түзету енгізу жоспарланған», – деді депутат.
Бұрын айтылған қоғам сынынан сескенді ме, енді халық қалаулылары заңды сарапшылармен бірге талқылауға көшкен.
«Заңдағы әр түсінікті талқылау үшін арнайы сарапшылар алаңы құрылады. Мәселен, «буллинг» түсінігі бойынша талқылауға мемлекеттік органдар мен депутаттар, заңгерлер, лингвистер, психологтар, ата-аналар мен мұғалімдер қатысты. 2 заңның бірнеше бабына «буллинг», яғни, баланы қорлау, қудалау түсінігі бойынша өзгерістер енгізілмек», – деді жұмыс тобының жетекшісі.
Осылайша, әбден сараланған өзгерістер үкіметке жіберліп, онда құқықтық сараптамадан өтеді.

Серіктес жаңалықтары