285
21 миллион VPN қолданушысының жеке дерегі сатылымға шықты
21 миллион VPN қолданушысының жеке дерегі сатылымға шықты
Android операциялық жүйесіне арналған тегін VPN қызметтерінің 21 миллион қолданушысының жеке деректері Желіде сатылымға шықты, - деп хабарлайды Сyber News сайтына сілтеме жасап.
Танымал хакерлік форумның аноним пайдаланушысы Google Play-ден үш VPN қызметінің - SuperVPN, GeskoVPN және ChatVPN-нің үлкен дерекқорын сату туралы ұсынысын жариялаған. Оны киберқауіпсіздік бойынша сарапшылар тапқан.
Онда 21 миллионға жуық адамның жеке шоты, соның ішінде пайдаланушының тұратын жері, оның электрон поштасы, логиндері мен құпия сөздері, жасаған төлемдері мен премиум-шоттардың қызмет ету мерзімі жинақталған. Кейбіреуінде құрылғы туралы мәлімет, телефон модельдері, сериялық нөмір мен халықаралық абонент идентификаторлары (IMSI) бар.
Хакер форумда бұл деректерді қалай алғанын жайып салды. Айтуынша, ол сервистер өз серверлеріндегі құпия сөздерді ұзақ уақыт өзгертпегенінің салдарынан базаға ене алған. Қазіргі уақытта SuperVPN, GeskoVPN және ChatVPN өкілдері пайдаланушылардың жеке ақпараттары алынғаны туралы сауалға жауап берген жоқ.