Полиция қызметкерлері жүкті әйелді автокөлікте босандырып алды

Полиция қызметкерлері жүкті әйелді автокөлікте босандырып алды

Полиция қызметкерлері жүкті әйелді автокөлікте босандырып алды
ашық дереккөзі
240
Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері келіншекті автокөлікте босандырып алды. БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, оқиға 26 ақпанға қараған түні Самара-Шымкент автожолы бойында Сырым ауданы Алғабас ауылы тұсында болды. «ВАЗ-2110» автокөлігі сынып, жолда тұрып қалған. Оның жүргізушісі автокөлікте жүкті келіншектің толғағы басталғанын жеткізген. Полиция лейтенанты Ерніс Бақтыгереев пен полиция аға лейтенанты Тимур Сүйінәлиев әйелді патрульдік автокөлікке отырғызып, жедел жәрдем шақырып, Оралға бет алған. Жолшыбай Тоғанас ауылы маңында келіншек аман-есен босанып, тәртіп сақшылары шақалақтың кіндігін кескен. Теректі ауданы Подстепный ауылына жеткеннен кейін әйел сәбиімен жедел жәрдем дәрігерлеріне берілді. Тағы бір осындай оқиға кеше Бөрлі ауданында болды. Ақсай қаласында тұратын келіншек толғағы басталғаннан кейін такси шақырған. Такси жүргізушісі тәжірибесі аз болғандықтан, әйелді барынша тез жеткізу керектігін жолшыбай кездескен патрульдік полиция қызметкерлеріне айтқан. Полиция капитаны Нұрсұлтан Бекесов пен аға лейтенант Ерлан Өрісбаев әйелді өз көліктеріне отырғызып, Бөрлі аудандық ауруханасына дереу жеткізді. Іле-шала шақалақтың даусы естілді. Сәбилердің ата-аналары полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Серіктес жаңалықтары