312
Қазақстан мен Моңғолия арасындағы азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі шартқа өзгеріс енді
Қазақстан мен Моңғолия арасындағы азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі шартқа өзгеріс енді
Қазақстанда егер халықаралық шарттардың өзге қатысушылары өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда аталған келісімнің немесе олардың жекелеген ережелерінің іске асырылуын тоқтату, сондай-ақ, жауап шараларын қабылдау тәртібі заңмен белгіленді. Бұл нормалар бүгін Сенат отырысында депутаттар қабылдаған «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заңда жазылған.
Сенат Төрағасы алдағы уақытта бұл заң еліміздің ұлттық мүдделерін қорғауды күшейтуге өз үлесін қосатынына сенім білдірді.
«Бүгін қабылданған заң халықаралық деңгейде ұлттық мүдделерімізді қорғауға қосымша мүмкіндіктер береді. Бұдан былай, халықаралық келісімнің екінші тарабы өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда Қазақстан тарапынан жауап шараларын қабылдауға жол ашылады. Осы мақсатпен құжатта халықаралық шарттардың немесе олардың жекелеген ережелерінің орындалуын тоқтата тұру туралы нормалар қарастырылған», – деді Мәулен Әшімбаев.
Сенат отырысында депутаттар «1993 жылғы 22 қазандағы Қазақстан мен Моңғолия арасындағы азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі өзара көмек туралы Шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңды да қабылдады. Бұл құжатта азаматтық және қылмыстық өндіріс саласында құқықтық көмек көрсету бойынша сот және құқық қорғау органдарының нақты міндеттері көрсетілген.