236
Мемлекет басшысы Білім министрлігіне ерекше қажеттілігі бар балаларға қатысты тапсырма берді
Мемлекет басшысы Білім министрлігіне ерекше қажеттілігі бар балаларға қатысты тапсырма берді

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдауға қатысты еліміздің Білім және ғылым министрлігіне тапсырма берді.
«Өкілетті органға ерекше қажеттілігі бар бала мен оның отбасы үшін бірыңғай бағдар түріндегі іс-қимылдың түсінікті алгоритмін құру қажет. Өңірлерде бар арнаулы мекемелерді ескере отырып, оларда бала туған сәттен бастап көрсетілетін барлық мемлекеттік қызметтер қарастырылуы керек», – деді Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-отырысында.
ҚР Президентінің атап өтуінше, Білім және ғылым министрлігі ерекше балалардың білім алу құқығын жүзеге асыру бөлігінде нақты жұмыстар жүргізуі қажет.
«Бұл іс-шаралардың барлығы ерекше қажеттілігі бар балалардың әлеуетін толыққанды жүзеге асыруға септігін тигізетіндігіне сенімдімін», – Қасым-Жомарт Тоқаев.