жұма, 18 сәуір, 2025

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі аппаратына жаңа басшы тағайындалды

/
ашық дереккөзі
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі аппаратына жаңа басшы тағайындалды ҚР мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Ернат Архатұлы Мұхамадиев ҚР МСМ аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды. Ернат Мұхамадиев 1988 жылы Тараз қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Оксфорд университетін бітірген. Еңбек жолын 2012 жылы «Назарбаев орталығы» мемлекеттік мекемесінің халықаралық ақпараттар бөлімінің аға сарапшысы қызметінен бастады. 2014-2016 жж. — ҚР БҒМ Жастар ісі департаментінде басшылық қызметтер атқарды. 2016-2017 жж. — Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Әкімшілік департаментінің директоры. 2017-2019 жж. — жекеменшік ұйымдарда еңбек етті. 2019 ж. мамыр айынан қазіргі уақытқа дейін ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің басшысы хатшылығының инспекторы қызметін атқарды.  
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары