"Қытаймен бәсекені күшейтеміз": АҚШ пен Канада күш біріктірді

"Қытаймен бәсекені күшейтеміз": АҚШ пен Канада күш біріктірді

"Қытаймен бәсекені күшейтеміз": АҚШ пен Канада күш біріктірді
ашық дереккөзі
208
АҚШ пен Канада Қытайға қарсы тұру үшін күш біріктірді.  Бұл туралы АҚШ президенті Джо Байден Канаданың премьер-министрі Джастин Трюдомен өткізген бейнеконференциядан кейін мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости. Байденнің айтуынша, ол Трюдомен әлемдік сын-тегеуріндерге қарсы жалпы тәсілдерді талқылады. "Қытаймен бәсекені күшейту және құндылықтарымызды жақсырақ қорғауға қатысты амал-шараларымызды үйлестіруге ниеттіміз", — деді Байден. Сондай-ақ, мемлекеттер Солтүстік Американың Біріккен аэроғарыштық қорғаныс қолбасшылығын модернизациялау және "континентальды қауіпсіздік, экономикалық және әлеуметтік даму және басқару мәселелерін" қамтитын Арктика бойынша кеңейтілген американдық-канадалық диалогты бастау туралы келісті. "Канада мен АҚШ — сенімді серіктестер және НАТО бойынша одақтастар ғана емес. Премьер-министр екеуміз еуропалық одақтастарымызбен трансатлантикалық қауіпсіздікті нығайту жөніндегі жұмысымызды талқыладық", - деп қорытындылады Байден.

Серіктес жаңалықтары