Шымкентте тойханаларды мектепке айналдыру ұсынылды

Шымкентте тойханаларды мектепке айналдыру ұсынылды

Шымкентте тойханаларды мектепке айналдыру ұсынылды
ашық дереккөзі
Шымкенттегі банкет залдары иелеріне жергілікті билік мектеп немесе кафе ретінде жұмыс істеуді ұсынды. Коронавирус пандемиясына байланысты көптеген ойын-сауық кешендері бір жылға жуық жұмыс істемейді. "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Шымкент қаласында сыйымдылығы 250 адамнан асатын 100-ге жуық салтанат залы бар. ТЖ енгізілгенге дейін әр тойханада айына орта есеппен 15 той өткізілетін. Бүгінде тойхана бизнесі 90% тоқырап тұр. Кәсіп иелеріне ғимаратты ұстап отыру да оңай болмай тұр, бұл үшін  1-ден 3.5 млн теңгеге дейін шығын кетеді. Сондай-ақ, көптеген тойхана иелерінің несиелік міндеттемелер бар, деп атап өтті "Атамекен" палатасы.