439
6,6 млрд теңге: Орал әуежайының ғимараты жаңартылмақ
6,6 млрд теңге: Орал әуежайының ғимараты жаңартылмақ

БҚО құрылыс басқармасының басшысы Әлібек Антазиевтің айтуынша, «ҚПО б.в.» компаниясы арқылы әлеуметтік инвестициялар жобасы аясында құрылыс-монтаж жұмысы басталды.
Жоба бойынша терминал алаңы 4 мыңнан 10 мың шаршы метрге дейін ұлғайтылады. Сондай-ақ сыртқы инженерлік желілер тартылып, іргелес аумақты абаттандыру, автотұрақ ұйымдастыру жұмыстары жүргізіледі. Аэровокзал терминалының технологиялық жабдықтары халықаралық стандарттар мен шекаралық және кедендік талаптарға сәйкес жаңғыртылады.
«Құрылыс-монтаж жұмыстарын жыл соңында аяқтау көзделіп отыр. Құрылыс құны – 6,6 млрд теңге», – деді Ә.Антазиев.