Президенттің атынан жалған аккаунт ашқан кім?

Бұл жөнінде Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

«Clubhouse әлеуметтік желісінде Қазақстан Президентінің атымен байланысты бірқатар жалған аккаунт пайда болды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл платформаға тіркелмегенін ресми түрде хабарлаймын. Мемлекет басшысының Твиттерде @TokayevKZ және Инстаграмда @Tokayev_Online деген екі ғана аккаунты бар екенін тағы да ескерткім келеді» – деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли фейсбуктағы парақшасында.

Back to top button