Қарағанды облысында карантин жеңілдетілді

Қарағанды облысында карантин шаралары жеңілдетіледі. Бейсенбі, 18 ақпанда өңірдің бас санитарлық дәрігері Юрия Залыгина жаңа қаулыға қол қойды.

Өңірдегі компанияларға қашықтан жұмыс істейтін қызметкерлер (штатта 15 және одан да көп адам болған жағдайда) санын 50%-ке дейін қысқарту тапсырылды. Бұған дейін үйде отырып жұмыс істейтіндер саны 60% болатын.

Сонымен қатар, мәдениет нысандары адам саны 50-ден, залдың толуы 30%-тен аспайтын режимде жұмыс істей алады. Бұған дейін аталған нысандарға залдың 20%-ке толуы және 30 адамнан аспайтын шектеу қойылған еді.

Сондай-ақ, жалпы саны 50-ден (бұған дейін 30) аспайтын адам санымен репитициялар өткізуге рұқсат берілді. Кинотеатрлар да залдың 30%-тен аспайтын толуымен және 50 адам саны шегімен жұмыс істей алады. Бұған дейін кино тамашалаушылар санына қойылған шектеу сәкейсінше 30 адам мен 20% болатын.

Бұдан басқа, санитарлық дәрігер демалыс (сенбі және жексенбі) күндері мына бағыттар бойынша қалааралық, облысішілік тұрақты жолаушылар тасымалын қайта жандандыруды тапсырды: Қарағанды – Теміртау – Қарағанды; Қарағанды – Саран – Қарағанды; Қарағанды – Шахтинск – Қарағанды; Қарағанды – Абай – Қарағанды; Қарағанды – Шахан – Қарағанды; Қарағанды – Топар – Қарағанды.

Бұған қоса, діни нысандарда ұжымдық намаз оқу және құлшылық етуге рұқсат берілді. Бірақ, мешіттер мен шіркеулер адамға толуы деңгейі үштен бір шамасында болуы керек (100 адамға дейін). Ал, жамағаттың қатысуымен өтетін жұма намаз 50 адамға дейін қабылдай алатын ауылдық жерлерде ғана оқылатын болады. Діни нысандардың төрттен бір бөлігі ғана адамға толуы керек.

Еске салсақ, Қарағанды облысында 65 жастан асқан азаматтарға аса қажеттілік туындамаса, далаға шықпауға кеңес беріледі.

Базарлар, сауналар, моншалар, СПА-орталықтар, массаж салондары, аумағы екі мың шаршы метрден үлкен сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері мен сауда желілері жексенбі күні жұмыс істемейді. Сенбі күндері бұл нысандар сағат 9-дан кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Алайда, бұл шектеу аталған ірі нысандардағы азық-түлік дүкендері, дәріханалар, сұлулық салондары мен химиялық тазалау орындарына қатысты емес.

Халыққа қызметк өрсету орталықтары, банктер мен Қазпошта алдын ала жазылу арқылы сағат 09:00-18:00 аралығында жұмыс істейді.

Тамақтану орындары ұжымдық және түрлі мерекелік жиындарды өткізбей, залдың 50%-ке толуымен сағат 07:00-22:00 аралығында жұмыс істейді.

Қаулы 2021 жылдың 20 ақпанынан бастап күшіне енеді.

 

Back to top button