Елордада салынып жатқан үйдің төбесінде құрбандық шалмақ болған

Елордада салынып жатқан көп қабатты үйдің төбесіне кранмен сиырдың шығаруға қатысты оқиғаның мән-жайы анықталды.

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің мәліметінше, тексеру барысында елордалық полицейлер сиырды кранмен көтеру фактісін анықтады. Оқиға 15 ақпан күні сағат 11-30-да Нәжімеденов көшесінде салынып жатқан тұрғын үй кешенінде болған.

«Полиция қызметкерлері оқиғаның барлық қатысушыларын анықтады. Аталған факті бойынша тексеріс жүргізілуде. ҚР заңнамасына сәйкес шара қолданылады. Салынып жатқан құрылыс учаскесінің бастығы Олжас Есеналин сиырды құрбандыққа шалып, етіп мұқтаж адамдарға таратпақ болғанын айтады.

«Осы салынып жатқан учаскенің бастығымын, аты-жөнім – Олжас Есеналин. Осы оқиға қатысты қоғамнан кешірім сұраймын. Ниетіміз адал. Бұл құрбандық болатын, етін аз қамтылған отбасыларға таратпақ едік», – деді ол.

Back to top button