Гватемалада Фуэго жанартауы атқылап жатыр

Гватемалада Фуэго жанартауы атқылап жатыр

Гватемалада Фуэго жанартауы атқылап жатыр
ашық дереккөзі
Гватемаланың құтқару қызметі жексенбі күні ел астанасы Гватемала қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Фуэго вулканының оянғанын мәлімдеді. ҚазАқпараттың Prensa Libre газетіне сілтеме жасап жазуынша, лава тасқынының ұзындығы 1,5 шақырымға созылды, жер астынан көп көлемде күл-топырақ ауаға таралды. Ол 5 шақырым жерге дейін шашылып жатып. Азаматтарды эвакуациялау мәселесі әзірге көтерілген жоқ. Фуэго жанартауы соңғы рет 2018 жылдың 3 маусымында оянған еді. Табиғат апатынан сол кезде 200-ден аса адам қайтыс болды.