Биткойнның тарихы: алғашқы криптавалюта туралы қызық деректер

Биткойнның тарихы: алғашқы криптавалюта туралы қызық деректер

Биткойнның тарихы: алғашқы криптавалюта туралы қызық деректер
ашық дереккөзі

3 қаңтар күні әлемдегі алғашқы криптавалюта — биткойнның айналымға енгеніне он бір жыл толды.

2009 жылғы 3 қаңтарда Сатоши Накамото биткоин желісін іске қосып, алғашқы 50 биткойнды шығарды. Бұл оқиға қазіргі кезде аса перспективті саналатын криптовалюта саласының негізін қалады. Сатоши Накамото биткоинді 2007 жылы құрастыра бастаған. Криптовалютаның дамуы 2008 жылғы дағдарысқа сәйкес келді, ол кезде көптеген адам банк жүйесіне деген сенімін жоғалтқан болатын. Ол сонымен қатар криптавалютаның нұсқаулық кітабын да жазып шыққан. 2010 жылғы 22 мамырда биткоин алғаш рет төлем құралы ретінде пайдаланылды. Биткойн жасаушылардың бірі Ласло Чанез екі үлкен пицца үшін 10 000 BTC төледі. Бұл - тарихтағы ең қымбат пицца.  width=2013 жылы Ванкуверде алғашқы Bitcoin банкоматы пайда болды. Ол Waves Coffee House кафесінде орнатылды.  width= Ең қызығы - биткойнды айналымға алғаш енгізген Сатоши Накамото туралы нақты дерек жоқ. Тіпті оның нақты бір тұлға немесе бүркеншік есімді жамылған адамдар тобы екені де белгісіз. Бұқаралық ақпарат құралдары Накомотоны анықтауға белсенді түрде кіріскенімен, әзірге нәтиже болмады. Кейде жалған Накамотолар да пайда болып тұрады. Олардың ең танымалы — австралиялық Крейг Райт. 2015 жылы ол Сатоши Накамото екенін мәлімдеген. Бірақ дәлел келтіруден бас тартты. Бірақ осы оқиғадан кейін Австралия полициясы оның үйін тінткен.  width=