Қазақстанда Наурыз мейрамы он күн тойланады

Қазақстанда Наурыз мейрамы он күн тойланады

Қазақстанда Наурыз мейрамы он күн тойланады
ашық дереккөзі
Қазақстанда Наурызды он күн тойлау ұсынылды. Ашық НҚА сайтында Наурыз мейрамы тұжырымдамасын бекіту бойынша пайда болған жобадағы құжатқа сәйкес, Наурыз мейрамы 14-23 наурыз аралығында атап өтіледі:
  • 14 наурыз – «Көрісу күні»
  • 15 наурыз – «Жайлау күні»
  • 16 наурыз – «Шежіре күні»
  • 17 наурыз – «Тарихқа тағзым күні»
  • 18 наурыз – «Игі істер күні»
  • 19 наурыз – «Шымырлық пен шеберлік күні»
  • 20 наурыз – «Зияткерлік күні»
  • 21 наурыз – «Ұлттық тағамдар күні»
  • 22 наурыз – «Ұлыстың ұлы күні»
  • 23 наурыз – «Жоралғы күні»