Australian Open: Зарина Диас үшінші айналымнан аса алмады

Australian Open: Зарина Диас үшінші айналымнан аса алмады

Australian Open: Зарина Диас үшінші айналымнан аса алмады
ашық дереккөзі
Қазақстандық теннисші Зарина Диас Австралия ашық чемпионатында (Australian Open) жарысты аяқтады. Зарина үшінші айналымда әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы испандық Гарбинье Мугурусадан 1:6, 1:6 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша, Australian Open-де қазақстандық спортшылардан тек Юлия Путинцева жарысты жалғастырады. Юлия 13 ақпан күні әлемнің бесінші ракеткасы украиналық Элина Свитолинаға қарсы кездесу өткізеді. Естеріңізге сала кетейік, Зарина мен Юлия жекелей сайыстан бөлек, жұптық сайыста бірге ойнаған болатын, алайда қос қазақстандық спортшы бірінші айналымнан ары аса алмады.