АҚШ президенті Джо Байден ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақ үй. Мемлекет басшылары коронавирустың таралуына қарсы күресті, климаттың өзгеруін және әлемде қару-жарақтың таралуын болдырмауды талқылады. Байден Гонконгтағы, Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы (ШҰАА) және Тайваньдағы жағдайға алаңдаушылық білдірді. АҚШ президенті қауіпсіздікті қамтамасыз етудің, америкалықтардың денсаулығы мен өмір салтын қорғаудың және Үнді-Тынық мұхиты аймағының еркін және ашық кеңістігін сақтаудың басым сипатын растады, деп қосты Ақ үй. Сондай-ақ, "АҚШ президенті Қытай халқына ай күнтізбесі бойынша Жаңа жыл мерекесіне арналған құттықтауы мен ізгі тілектерін жеткізді", - делінген хабарламада.
Жүктелуде...