Әлия Жүсіпова Гимнастикадан ҚР федерациясының басшысы болып тағайындалды

Әлия Жүсіпова Гимнастикадан ҚР федерациясының басшысы болып тағайындалды

Әлия Жүсіпова Гимнастикадан ҚР федерациясының басшысы болып тағайындалды
ашық дереккөзі
Olympic.kz сайтының жазуынша, жаңа басшыны сайлау федерацияның есеп беру-сайлау конференциясы барысында өтті. «Бұл тағайындау мен үшін – жаңа сын, қазіргі қызметімнен қызығы кем түспейтін – жаңа кезең. Ақтоты Райымқұлова басшылық ететін Мәдениет және спорт министрлігіне сенім білдіргені үшін және Үміт Болатханқызына 10 жылда атқарған жұмысы үшін алғыс білдіремін. Мен бас бапкер ретіндегі қызметімді де жалғастыратын боламын. Себебі жаңа тағайындау – бұл қоғамдық лауазым. Мен екеуін қатар алып жүремін. Мақсат – спортты дамыту және елге нәтиже алып келу. Алғашқы уақытта оңай болмасын түсінемін. Алайда, менің тәжірибем, білімім және күш-жігерім, сондай-ақ федерация мүшелерімен бірлескен жұмыстың нәтижесінде көптеген міндет шешімін табатын болады. Федерациямызға кіретін әрбір спортты дамыту және танымал ету бағытында бірге жұмыс істейміз», – деді Ә.Жүсіпова.  width= Айта кетейік, Гимнастикадан ҚР федерациясының бұған дейінгі басшысы Үміт Шаяхметова болды. Әлия Мақсұтқызы Жүсіпова – 36 жаста. Шымкент қаласында дүниеге келген. Афины және Бейжің Олимпиадаларының қатысушысы. ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Бүгінде көркем гимнастикадан Қазақстан Республикасының бас бапкері.