«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ Басқарма төрағасы Жанат Құрманов кейбір салымшыларға неліктен зейнетақының бір бөлігі берілмей жатқанын түсіндірді. «25-30 қаңтар аралығында БЖЗҚ-ға 52 мыңнан астам өтінім келіп түсті. Оның ішінде жалпы жинақтық сомасы 212 млрд теңгелік 38 389 өтінім (74%) одан әрі қарау үшін қабылданды. Төленуге тиіс сома – 5,5 миллион теңгені құрады. 28 қаңтардан бастап БЖЗҚ «Қазақстан халық банкінің» уәкілетті операторларынан өтініш қабылдай бастады», – деді Жанат Құрманов. Оның айтуынша, БЖЗҚ-да өтінім қабылдау басталғаннан бері жалпы сомасы 212,6 млрд теңгеге 38 507 өтінім алдын ала мақұлданған. «Талдау жұмысы көрсеткендей, өтінімді қабылдаудан бас тартудың басты себебі – салымшылар өз өтінімінде қолжетімді мөлшерден асатын соманы көрсеткен. Яғни, өтінімнің қабылданбау жағдайының 13% сұралған сомалардың қолжетімді сома мөлшерінен асып кетуімен байланысты. Сондай-ақ қайталанған өтініштер де болды. Тіпті мүлде жинағы жоқ адамдардан өтініштер келді. Дұрыс ресімделмеген өтініштер де бар», – деп атап өтті спикер.
Жүктелуде...