Жеңілуді білмейтін боксшы: Садриддин Ахмедовтың он екінші жеңісі (видео)

Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (11-0, 10 КО) Куэрнавакада (Мексика) голландиялық Стивен Даньоға (17-3-3, 6 КО) қарсы жекпе-жек өткізді.

Ахмедов пен Даньо бірінші орта салмақтағы үш чемпиондық белдікке – WBA Continental, NABF және WBC Francophone-ға таласты. 10 раундқа есептелген жекпе-жек Ахмедовтің жеңісімен аяқталды. Осылайша, бірде-бір рет жеңіліп көрмеген Ахмедов үш белдікті иеленіп, кәсіби мансабында он екінші жеңісіне жетті.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық  мұның алдында рингке 2019 жылдың желтоқсан айында шыққан болатын. Ал Даньо төртінші рет жеңіліске ұшырап отыр.

Back to top button