Орал қаласындағы Бас мемлекеттік санитар дәрігердің міндетін атқарушы Роза Хасенованың 19 қаңтардағы қаулысына сәйкес, сауда үйлері мен орталықтар, базарлардың қызметі жексенбі күндері тоқтатылады. Қоғамдық тамақтандыру орындары осыған дейін 09.00-ден 23.00-ге дейін жұмыс істесе, енді 20.00-де жабылуы тиіс. Барлық ойын-сауық нысаны, банкет залы, түнгі клуб, бар, караоке, компьютер, ойын клубтары, қорқор, букмекер кеңселері, бильярд, боулинг және басқа көңіл көтеретін орындар, сондай-ақ меншік нысанына қарамастан, кезекші топтарды қоспағанда, мектепке дейінгі балалар мекемесі жұмыс істемейді. Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік ұйымдар қызметкерлерінің кемінде 80 пайызы қашықтан жұмыс істейді. Басқа да карантин шектеулері сақталады.
Жүктелуде...