Алматы облысының тұрғыны Самал Омарова Алматы әкімдігінен коронавирусқа қарсы насихат ретінде өзінің суретін қолданғаны үшін қаламақы төлеуді сұрайды деп хабарлайды «31 арна». Қыздың суреті COVID-19 вирусымен күресте символға айналып үлгерген. Алғаш баннерлер Алматыда былтыр көктемде пайда болды. Алматы әкімдігі баннердегі қыз – филиппиндік, ал сурет интернеттен алынған деген болатын. Алайда Алматы облысының тұрғыны Самал Омарова суреттегі қыз өзі, ал суретін әлдекім рұқсатсыз пайдаланған деп отыр. Осылайша өзінің суретін пайдаланғаны үшін 1 миллион теңге қаламақы сұраған.
Жүктелуде...