Бақытжан Темірболат Тұңғыш президент кітапханасының директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда сайты. «Мемлекет басшысының өкімімен Бақытжан Берікбайұлы Темірболат «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесінің директоры қызметіне тағайындалды» деп жазылған хабарламада. Айта кетейік, бұған дейін Бақытжан Темірболат Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы қызметін атқарған.
Жүктелуде...