Желіні шулатқан шымкенттік ақсақал кешірім сұрады

Желіні шулатқан шымкенттік ақсақал кешірім сұрады

Желіні шулатқан шымкенттік ақсақал кешірім сұрады
ашық дереккөзі
Түркістан облысында қарсы жолаққа шығып кетіп, жүргізушімен сөзге келіп қалған Chevrolet маркалы көлігінің егде жастағы жүргізушісі Lada жүргізушісінен кешірім сұрады. Оның кешірім сұраған сәтінің видеосын өңірлік полицейлер жариялады. Видеода Chevrolet пен Lada жүргізушілерінің бірге отырғаны көрінеді. Олардың таныс болып шыққаны анықталды. «Қарама-қарсы бағытта көлік шыға келген кезде бұл қазақтың баласы ғой, осы халықтың баласы емес пе, мені өткізіп жіберетін шығар деп ойладым. Алайда олай болмай шықты. Бұл ағамыздың ұлы, ауылдан шыққан Ербол. Бәріміз бір қазақпыз ғой. Кешірім сұраймын. Әкеңе менің өткізбей қойғанымды айтып, кешірім сұра. Бәріміз бауырмыз. Мен кім екенімді таныдың ғой», – дейді қария. Lada жүргізушісі ақсақалдың кешірімін қабыл алып, ешқандай арыз-шағымы жоқ екенін айтты.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Актуальные новости КZ и Мира? (@novosti.kz_)

Айта кетейік, кеше Түркістан облысында Chevrolet маркалы көлігінің егде жастағы жүргізушісі біржақты көшеге шығып, жүргізушімен сөзге келіп қалған видеосы әлеуметтік желіде тарап, жұрт наразылығын туғызған еді. Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері бұл видеоны көріп, тексеру барысында бұл оқиға Келес ауданындағы ауылдардың бірінде болғанын анықтаған. Chevrolet көлігінің жүргізушісі жол ережесін өрескел бұзып, біржақты көше бойында өз жолымен келе жатқан көлікке қарсы шығып, Lada көлігін қасақана соққан. Полицейлер ақсақалдың кім екенін анықтады, ол Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. «Жол ережесін бұзған ер азамат Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің бірден төрт бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды: 593-баптың 2-бөлігі, 601-бап, 610 және 611-бабы», – деді ПД өкілдері.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Актуальные новости КZ и Мира? (@novosti.kz_)