«Халыққа қарсы шығу ойымда болған жоқ». Ермахан Ибраимов сайлау күні алаңға не үшін барғанын айтты

«Халыққа қарсы шығу ойымда болған жоқ». Ермахан Ибраимов сайлау күні алаңға не үшін барғанын айтты

«Халыққа қарсы шығу ойымда болған жоқ». Ермахан Ибраимов сайлау күні алаңға не үшін барғанын айтты
ашық дереккөзі
2000 жылғы Сидней Олимпиадасының чемпионы, танымал боксшы Ермахан Ибраимов 10 қаңтарда Алматыдағы Тәуелсіздік алаңында болған жайтқа қатысты мәлімдеме жасады. «Осы уақытқа дейін мен халқыммен бірге болдым және әлі де бірге болатынымды айтқым келеді. Митинг кезінде наразылық білдірген халыққа күш көрсету мақсатында емес, сабырға шақыру үшін барған болатынмын. Бірақ, қарсы топтардың белсенділері маған кері пікір білдіріп, менің жеке намысыма тиетін сөздер айтып жатқасын, жақындап барып, бәрін түсіндірмекші болдым» дейді Ермахан Ибраимов. Оның айтуынша, әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатқан, боксшының әрекетіне байланысты ақпарат әдейі арандату үшін таратылған. «Иә, әлеуметтік желілерде суретім мен видео тарап кетіп, маған кері пікірлер айтылуда. Оның бәрін сыни тұрғыда қабылдаймын. Алайда мен осы сайлауға қатысуымның себебі де қарапайым халық үшін екенін тағы да айтқым келеді. Себебі төбеме көтеріп, құрметтеген халыққа қарсы шығу менің ойымда да болмаған! Сондықтан қадірлі қазақ елі, митинг кезінде болған жағдайды қысқаша осылай түсіндіргім келеді. Барлығы алда. Ел мүддесі үшін алда әлі де игілікті істерді атқаратын боламын» дейді Ермахан Ибраимов. Айта кетейік, 10 қаңтарда Сайлау күні кей қалаларда заңсыз жиындар мен митингілер ұйымдастыру, соған қатысуға үгіттеу әрекеттері болды. Бұл азаматтарға жергілікті атқарушы органдар мен прокуратура қызметкерлері акцияның заңсыз екенін бірнеше рет ескертіп, тоқтату қажет екенін түсіндірген. Сол күні бірнеше адам ұсталып, кейін босатылғаны хабарланған.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Ермахан Ибраимов (@ibraimov.ermakhan)