Бану Нұрғазиева: Партиялық емес бақылау орталығы 20 мыңға жуық бақылаушыны дайындады

Бану Нұрғазиева: Партиялық емес бақылау орталығы 20 мыңға жуық бақылаушыны дайындады

Бану Нұрғазиева: Партиялық емес бақылау орталығы 20 мыңға жуық бақылаушыны дайындады
ашық дереккөзі
Партиялық емес бақылау орталығы бүгін өтіп жатқан сайлауды бақылауға 20 мыңға жуық бақылаушыны дайындады. Бұл туралы бүгінгі брифингте Партиялық емес  бақылау орталығының жетекшісі Бану Нұрғазиева мәлімдеді. Оның айтуынша, бақылаушыларды оқыту 2020 жылдың 1 желтоқсанында басталған. Бақылаушылардың оқытуға сайлауда бақылау жасауда тәжірибесі мол жаттықтырушылар тартылды. «Біз, сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясы өкілдерін де тарттық. Себебі олардың түсіндірмелері қажет болды. Біздің бақылаушылар жоғары білікті. Олар сайлауға сайлау заңнамасының барлық талабын біліп келіп отыр.   Олар сайлау барысында өзін қалай ұстау керегін, өз функцияларын, сондай-ақ құқықтары мен міндеттерін жақсы біледі. Біздің орталық 2020 жылдың желтоқсанынан бері 20 мыңға жуық бақылаушыны дайындады. Бүгін кейбір сайлау учаскелерінде Орталықтың екі өкілінен бақылаушы қойдық», – деді Бану Нұрғазиева. Еске салайық, Қазақстанда Парламент Мәжілісі мен Мәслихаттарға сайлау басталды. Орталық сайлау комиссиясы мәліметі бойынша, қазірдің өзінде елде барлық сайлау учаскелері ашылған.