Сайлаушылар тізіміне 11 млн 915 мың 903 сайлаушы енгізілді

Сайлаушылар тізіміне 11 млн 915 мың 903 сайлаушы енгізілді

Сайлаушылар тізіміне 11 млн 915 мың 903 сайлаушы енгізілді
ашық дереккөзі
Еліміздегі  9994 сайлау учаскесі және шет мемлекеттердегі Қазақстан Республикасы өкілдіктері жанындағы 17 сайлау учаскесінде дауыс беріліп жатыр.
Астана уақытымен сағат 8.00-дегі жағдай бойынша облыстық, Алматы, Шымкент және Нұр-Сұлтан қалаларының сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес республикадағы барлық 9994 сайлау учаскесі және шет мемлекеттердегі Қазақстан Республикасы өкілдіктерінің жанындағы 17 сайлау учаскесі дауыс беруге кірісті. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров хабарлады.
Шетелдегі 49 сайлау учаскесі уақыт белдеуінің айырмашылығын ескере отырып, дауыс беруге кіріседі.
«Учаскелік сайлау комиссиялары сайлаушылардың өтініштері бойынша Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру құқығын беретін 10599 есептен шығару куәлігін берді. Осы есептен шығару куәлігі бойынша азаматтар бүгін келген жеріндегі кез келген учаскеде дауыс бере алады», – дейді Константин Петров.  width=
Оның айтуынша, мәслихаттар депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру құқын беретін 11612 есептен шығару куәлігі берілді.
Жергілікті атқарушы органдар мен сайлау комиссиялары сайлаушылар тізімінің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз ету бойынша жұмыс атқарды. 
Сайлаушылар тізіміне 11 млн 915 мың 903 сайлаушы енгізілді.