Өзбекстандағы қандасымыз Расул Көшербаев «Жыл адамы» атанды

Өзбекстандағы қандасымыз Расул Көшербаев «Жыл адамы» атанды

Өзбекстандағы қандасымыз Расул Көшербаев «Жыл адамы» атанды
ашық дереккөзі
Өзбекстан Ұлттық ақпараттық агенттігі – ӨзА жыл сайын ұйымдастырып келе жатқан марапаттау рәсімінде қандасымыз Расул Көшербаев «Жыл адамы» атанғанын мәлімдеді. Онда жыл бойы үздік нәтижеге қол жеткізген мамандар дауыс беру арқылы таңдалып, түрлі номинациялар бойынша марапатталды. «Жыл адамы» номинациясына ұсынылған үміткерлердің арасында көпшілікке етене таныс ӨР «Олий Мажлис» Заң шығару палатасының депутаты Расул Көшербаев ең көп дауысқа ие болып, «Жыл адамы» деп танылды. Руслан Қыдыралиұлы Өзбекстандағы өзекті мәселелерді шешуге белсене атсалысуының арқасында беделді мәртебеге ие болып отыр. Өткен жылдың басында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Өзбекстан Парламентте сөйлеген сөзінде Расул Көшербаевтың қызметін айырықша атап, «Жыл депутаты» деп бағалаған екен. Аталған басылым халық пен билік арасында берік дәнекер болып, тынымсыз еңбек етіп жүрген қандасымыз Расул Көшербаевтың биылғы алған марапаты да өзіне әбден лайық екенін жазады.