Есімов туристердің аздығына қынжылды

Есімов туристердің аздығына қынжылды

Есімов туристердің аздығына қынжылды
ашық дереккөзі
275
Былтыр Қазақстанға 6,4 млн шетелдіктер келген. Оның 70 мыңы ғана туристер екен. Таяуда «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі Қоғамдық кеңестің үшінші отырысында «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов туристердің тартудың жолдарын мәлімдеді. «ЭКСПО-ның мүмкіндіктері, көрмеден кейінгі тиімділіктер туралы сөз болғанда туризм саласын дамытуға жіті назар аударуға тиіспіз. Әрине, біріншіден, Қазақстан тарихында мұндай ірі ауқымдағы шара болған емес. 100-ден аса мемлекет Астанаға келеді. Ол мемлекеттердің өкілдері ағымдағы жылдың қазан айынан келе бастаса, келесі жылдың қыркүйегіне дейін олар Астанада тұрады. Яғни, бір жыл бойы 100-ден астам елдің өкілдері Қазақстанда тұрады, бұл ел тарихында болмаған жағдай. Осының өзі елімізді насихаттауға, жарнамалауға зор мүмкіндік», – деді А. Есімов. Туризм дағдарыс толқыны келгенде кез келген мемлекетті құтқарып алатын сала екені баршаға аян. Сондықтан қазіргі таңда экономиканың ең орнықты секторы ретінде танылған. Халықаралық агенттіктердің мәліметіне жүгінсек, былтырғы жылы дамудың күрделі кезеңі болғанына қарамастан, бұл саланың өсімі әлемдік экономикада 4 пайызға жоғарылаған. Аталған көрсеткіш экономиканың кез-келген секторы бойынша ең жоғарғы көрсеткіш деңгейінде. «Мен маусым айында Мадридте болдым, ірі туристік агенттіктермен, Халықаралық туристік ұйым басшыларымен жүздестім. Туризм – өте күшті сала. Мәселен, Испанияның ЖІӨ-нің 13 пайызын туризм береді. Ал Франциядағы оқиғалар салдарынан туристер қауіпсіздігі жоғары елдерді таңдап, жайлы өңірлерге қарай көше бастағаны да дәлелденіп отыр. Әрине, Испаниямен өзімізді теңестіре алмаспыз. Дегенмен біздің туристік агенттіктердің берген мәліметтеріне сүйенсек, елімізге былтыр бар-жоғы 70 мың ғана шетелдік турист келген. Бұл өте мардымсыз», – дейді А. Есімов. Жалпы, ЭКСПО көрмесіне 300-400 мың шетелдік туристер келетіні болжанып отыр. Компания басшысының сөзіне қарағанда, жалпы Қазақстанға былтыр келген шетелдіктердің 90 пайызы – ТМД азаматтары, соның ішінде негізінен жақын көршілерден келетін іскер азаматтар, еңбек мигранттары. Ал таза туристер – 70 мыңы ғана. «Пост кеңестік елдерінен  Грузияның туризм саласы қарқынды дамып келеді. Грузия мемлекеттік туристік әкімшілік органын құрды, осы орган саланы аса табысты дамыту үстінде», – деді А. Есімов. Әлемдік туризм саласында күтпеген жерден күтпеген ойыншылар көріне бастауы мүмкін. 10 жыл бұрын Грузияның Түркия мен Греция елдеріндей клиенттердің елеулі бөлшегін өз елдеріне тартады деп кім ойлаған? Бүгінгі таңда «New York Times»-тің өзі Грузияны 2015 жылы баруға ұсынылатын 50 елдер қатарына енгізді. Себебі, Грузия арнайы мемлекеттік орган – Ұлттық Туристік Әкімшілікті құрды. Бұл  осы саланың табысты дамуын жүзеге асырады. Халқының саны 5 миллионға жетпейтін ел, қазіргі уақытта жыл сайын 2 миллионға дейін туристер қабылдауда. «Мемлекет – ең жақсы ұйымдастырушы. Тағы да Грузияны мысалға келтірейін – бұл ел соңғы онжылдық ішінде осы салада үлкен қадам жасаған ел. Бұл мәселемен айналысатын, мемлекеттік құрылым – Ұлттық туризм әкімшілігі өзін өте тиімді құрылым ретінде көрсете білді. Осындай мысалдарды көптеп келтіруге болады», – деді Есімов. Израиль, Хорватия, Филиппин, Үндістанда бұл министрліктер көптеген мәселелермен, айталық өз мемлекетін халықаралық ілгерілетуден бастап маман дайындаумен  айналысады. Басқа елдерде бұл жергілікті жағдайға қатысты не агенттіктер, не ұлттық компаниялар. Бірақ бірде-бір маңызды кәсіби мемлекеттік құрылымы жоқ туристік державаны еш жерден таба алмайтынымыз анық. ЭКСПО-2017 көрмесі туристерді тартуда аса маңызды рөл атқармақшы. Бұл туралы Есімов қоғамдық кеңес барысында тарқатты. «Ел үшін ЭКСПО әкелетін мүмкіндіктер туралы айтатын болсақ, ең алдымен туризм тілге оралады. Шетелден 350 мыңға жуық қонақтарды күтеміз. Соңғы уақытта миландық ЭКСПО басшысы Джузеппе Саламен тығыз байланыста болдым. Оның айтуынша, Италия мен Миланның өзіне туристердің келу қарқыны көрмеден кейін де елеулі түрде артты. Ол туралы бүгін Сала мырза өзі айтып кетеді. Италияның өзі туристер көп баратын ел болып табылады. Осындай жағдай Шанхайда да орын алды, ЭКСПО-дан кейін туристер көптеп келді. Мұның құпиясы неде? Менің ойымша, олар көрме беретін мүмкіндіктерді барынша дұрыс пайдалана алды деп ойлаймын». «Ең қызығы, басты әлемдік турист «тасымалдаушыларының» бірі, біздің көршіміз – Қытай, ол АҚШ және Ұлыбританиямен бір қатарда тұр. Мен бірнеше рет осы ұйымның басшысы Талеб Рифаимен кездестім, ол Қазақстанда дұрыс ұйымдастырған жағдайда, туризмнің болашағы үлкен деп айтып кетті», – деді Ахметжан Есімов. Биылғы жылдың маусым айында еліміз WTO-мен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, ол ЭКСПО шеңберінде кемі 100 елден өкілдер қатыстырып үлкен халықаралық туристік форум өткізуді жоспарлап отыр. Тіпті, әлеуеті мықты туристік нысандары бар өңірлерде қарапайым халық өздерінің үлкен қаражат үстінде отырғандықтарын әлі де түсіне бермейді. Жуырда «Время» газетінде қызықты мақала шықты, онда біздің Байқоңырды американдық баламасы Канаверал бұғазымен салыстырды. «Аталмыш ғарыш айлағына жыл сайын 3 миллионға дейін туристер келетіндігін білдім. Былайша санасақ, егер әр турист шамамен 1000 доллар қалдырса, онда Қызылорда облысында 3 миллион турист көміртегін игерумен салыстыруға келетіндей сала құра алатын еді. ЭКСПО – туризм әлеуетіне жол ашатын даңғыл болуы керек. Біздің Қызылорда облысындағы Байқоңырға осыншама турист келетін болса ше? Жалпы Байқоңыр әлеуеті облыстағы Құмкөл секілді басқа да барлық мұнай кен орындарынан да артық табыс беретін ед», – деп бөлісті Есімов мырза. Жыл басында «Тұран экспресс» жолаушы тасымалдау компаниясы ЭКСПО-2017 басшылығымен Байқоңырға тур ұйымдастыру туралы келісімшартқа қол қойғанын мәлімдеген. Бұл тур бағдарламасы бойынша Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз» зымыран тасығышын ұшыру сәтін бақылау, «Қорқыт ата» мемориалдық және «Байқоңыр» мұражай кешендерін аралау кіреді. Былтыр Байқоңырға 200-ден аса турист барып-қайтты. Байқоңыр ғарыш айлағына апару – пилоттық маршрут болатын, биыл маршрутты апта сайын шығаруды жоспарлап отырмыз", – деді компания Роман Ботабеков. Байқоңыр және Восточный ғарыш айлақтарында 40-тан астам оператор туризмді дамытатынын хабарлады. Олардың 6-ы Ресей аймақтарының, 7-уі Қазақстанның және 1-уі Өзбекстанның туристік операторлары. Елімізге келетін туристердің басым бөлігі оңтүстік астанаға бас сұғады. Ресейлік туристік зерттеулерге назар салсақ, ТМД қалалары бойынша ең демі және туристік тартымдылығы жоғары қалалардың қатарына Алматыда еніп отыр. Ішкі туризм саласы бойынша елге келген туристер саны 500 адамнан асса, оның 300-і Алматы қаласына келеді екен. 2015 жылы Алматыда "Туризм және саяхат" - KITF 2015" XV қазақстандық Халықаралық туристік көрме ұйымдастырылған болатын. Осы жиын барысында Алматы қаласына келетін қонақтар санын 1 миллионға жеткізу жоспары қойылған еді. Осы бағытта атқарылған жұмыстардың алды – елге визасыз кіру. Қазіргі таңда елімізге он шақты мемлекеттің азаматтары визасыз кіре алады, бұл көрсеткішді алдағы жылдары 26-ға жеткізу көзделген. 2015 жылдыӊ 1 тоқсанында Германия, Франция, Жапония, Италия, Малайзия, Нидерланды, БАЭ, Ұлыбритания, Оӊтүстік Корея мен АҚШ-тан келген туристер легі 17 пайызға артқан.  

Серіктес жаңалықтары