Халал индустриясының сапалық инфрақұрылымы жүйеге келтіріледі

Халал индустриясының сапалық инфрақұрылымы жүйеге келтіріледі

Халал индустриясының сапалық инфрақұрылымы жүйеге келтіріледі
ашық дереккөзі
Қазақстанда Халал «экожүйесін» дамытудың басым бағыттарын жүйеге келтіру қажеттілігі жайлы ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының міндетін атқарушы Галымжан Дұгалов пен Қазақстандағы Халықаралық ынтымақтастық бойынша Германия қоғамының (GIZ) үйлестіруші-өкілі Данияр Шәкеновпен екі жақты кездесу барысында сөз болды, деп хабарлады ҚР ИДМ  баспасөз қызметі. Сарапшылар Халал индустриясы экономиканың көптеген салаларына әсер етіп, жоғары экономикалық үлес қосатындығына байланысты оның сапалық инфрақұрылымын құруда жүйелі көзқарастың маңыздылығы жайлы айтуда. Қазақстан мамандары Малайзияның Исламдық дамыту департаменті сарапшыларының қатысуымен халықаралық тәжірибе негізінде супермаркет пен дүкен сөрелеріндегі Халал өнімдерінің жергілікті нарығының Халал талаптарына сай келетіндігін зерттеу қажеттілігіне баса назар аударуда. Дұгаловтың айтуынша, «Халал өнімдерін шығаруда пайдаланатын шикізатқа бір жағынан, қызметкерлерге, өндіріс бөлмелерге, көлік құралдарына, арнаулы жұмыс киіміне, қаптамаларға және таңбалауға, сонымен бірге өнімнің Халал нормаларға сәйкестігін талдауды шетелдік әріптестердің тәжірибесін есепке ала отырып, зерттеу қажет». Жиын барысында Қазақстанның сарапшылары үшін GIZ оқу семинарлары мен тренингтерін өткізуге және сәйкестікті бағалау саласындағы өңірлік ынтымақтастық бойынша іс-шаралар жоспарының жобасын жаңартуға қатысты кеңес шеңберінде сәйкестікті бағалау мәселелері бойынша Өңірлік жұмыс тобы ынтымақтастықты кеңейту бойынша мәселелер талқылады. Қазақстандағы GIZ үйлестіруші-өкілі Д. Шәкенов Исламдық Дамыту Банкінің қатысуымен ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетімен бірлесіп Халықаралық ынтымақтастық бойынша Германия қоғамымен бастаған «Reverse Linkage» 4-тарапты жобаны дамыту туралы айтты. Қазақстанның Халал «экожүйесін» тиімді қалыптастыру мақсатында жобаға «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК, сонымен бірге жергілікті кәсіпорындар қатысады.