Үздік жоғары оқу орындары анықталды

2020 жыл бойынша қазақстандық үздік жоғары оқу орындарының рейтингі жарияланды.

Рейтинг нәтижесі төмендегідей:

  1. М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті;
  2. Қазақстан-Британ университеті;
  3. КИМЭП университеті;
  4. Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті;
  5. Қазақстан-Неміс университеті;
  6. Сүлеймен Демирел атындағы университет;
  7. Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті;
  8. Халықаралық білім беру корпорациясы;
  9. Академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті;
  10. Нархоз университеті.

108 университет бойынша 2 мыңға жуық білім беру бағдарламасын зерттеу жұмысына 6 мың сарапшы қатысқан. Рейтинг жоғары оқу орындарының артықшылықтарын анықтау, беделін көтеру және білім беру сапасының ұлттық және халықаралық нарықта деңгейін көтеруге бағытталған. Зерттеу барысында түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіштері, жоғары оқу орындарындағы білім беру бағдарламаларының сапасы және білім алушылардың жетістіктері ескерілді.

Back to top button