Егемендік тұғыры биік болғай

Егемендік тұғыры биік болғай

Егемендік тұғыры биік болғай
ашық дереккөзі
762
Егде тартқан жандардың өкілі ретінде айтарым: еліміз егемендікке қол жеткізген жылдары халқымыздың рухы көтерілді. Өйткені Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, «Тәуелсіздік – мемлекетіміздің алтын діңгегі, дербестігіміздің берік негізі, қазақ елі үшін бұдан асқан қастерлі құндылық жоқ, ең қымбат қазына, асыл аманат. Егемендік – әр халыққа бұйыра бермейтін баға жетпес бақыт. Түсінген жанға бойға қуат, жігер беретін үлкен мақтаныш. Алғашқы он жылдық егемен Қа­зақ­станның өз дербестігін қа­лып­тастыру кезеңі болды. Екінші он жыл­­дықта еліміз тұғырын нықтап, ке­ре­­гесін кеңейтіп, іргесін бекітті. Үшін­­ші он жылдықта мемлекетіміз шын мә­нінде, кемеліне келіп, әлемдік сая­­сат­тың төріне озды. Біз қастерлі Тәуел­­сіз­діктің 30 жылдығына қадам ба­самыз. Бұл – баршамызға ортақ, өне­гелі өлшем та­ғылымды кезең. Жаңа мем­лекет құру­ға атсалысқан бүкіл хал­қымыздың ерен еңбегінің шежіресі. Өт­кен әрбір он жыл­дық атқарған мис­сиясы тұрғысы­нан ғасырдың жүгін ар­қалап тұр». Бүгінде егеменді Қазақстан әлем­ге танымал, дүниежүзілік Бірік­кен Ұлттар Ұйымында, сондай-ақ көп­теген халықаралық ұйымдардың күр­делі де, келелі мәселелерін шешуде бас қосатын, бейбітшілік пен халық­ара­лық қарым-қатынаста, ұтымды ұсы­ныстар айта алатын мемлекет қа­та­рында. Мемлекет басшысы 2020 жылы ха­лыққа Жолдауында ел игі­лі­гіне бағытталған мемлекеттік бас­қару­дың жаңа үлгісін (мемлекеттік басқару, кадр саясатын, шешім қабылдау жүйе­сін және оларды орындау жауап­кер­ші­лігін өзгерту), жаңа жағдайдағы эко­но­микалық даму (әртараптандырылған және технологияға негізделген эко­но­мика құру, ол – халықтың әл-ауқатын арт­тыруға бағытталып, ұлттық табыс­тың өсіміне түсетін игіліктерді әділ бөлу, тиімді әлеуметтік «лифтілерді» ор­­­нықтыру жөніндегі қоғамның өткір та­лабын міндетті орындау), сондай-ақ ұлттық экономиканың стратегиялық қуатын арттыру үшін тез арада қайта өңдеу ісінің жаңа салаларын дамыту, мұн­да қара және түсті металлургия, мұ­най химиясы, көлік құрастыру және ма­шина жасау, құрылыс материалдары мен азық-түлік өндіру және басқа да са­лаларды қамту, ауыл шаруашылығын, кө­лік-логистика кешенін дамыту, тең­герімді аумақтық даму азаматтардың әлеу­меттік әл-ауқатына басымдық беру та­ғы басқа да шешуші мақсаттарға ба­ғытталған іс-қимылдар нақтыланғаны белгілі. Биылғы тәуелсіздік күні қар­саңын­да сөйлеген сөзінде ел Пре­зиденті Қ.Тоқаев әлемді жайлаған ко­ронавирус жағдайында, басқа түскен қиын­дықтарды шешумен қатар әлеу­меттік-экономикалық дамуды қам­та­ма­сыз ету бағытында жасалып жатқан игі іс-шараларды тізбектей келіп, «Ал­дағы он жылдықта елді ілгері да­мытып әр­бір азаматтың лайықты тұрмысын қам­тамасыз ету керек. Бұл кезеңде қо­ғам мүддесіне адал көшбасшыларды ірік­теуге ерекше назар аударамыз. Ал­дағы міндеттерді тиімді жүзеге асыр­сақ, орнықты даму жолына түсетініміз анық. Ұлттың басты стратегиялық қо­ры – адам капиталының сапасы. Бі­лім беруде ұлттық мазмұн мәдени си­патын арттырып, тәрбиелік құн­ды­лығына зер салып, өскелең жастары­мыз бойында адамгершілік қасиеттерін дамытуы қажет» деп атап көрсетті. Қуантарлығы, білім мен ғылым­ды дамытудың  2025 жылға дейін­гі мемлекеттік жаңа бағдар­ла­ма­сын іске асыруға ЖІӨ-нің 7 пайызды кө­лемінде қаржы бөлу көзделген. Бұл игі жоспар тиянақты орындалса, та­лапты жастар бойында белсенділік, қа­­­жырлық, іскерлік, ұйым­дас­тыру­шы­лық (менеджер, кәсіпкер, қоғам қайрат­кері, көшбасшы) сияқты ұла­ғатты қасиеттер жинақталып, бі­лім­ді, білікті, ұқыпты және жауапты іс­кер де, еңбекқор жұртқа айналары­мыз хақ. Сондай-ақ 2025 жылға дейінгі, 3 трил­­лионнан астам теңге қа­рас­­­­тырылған денсаулық сақтауды да­мытуға арналған мемлекеттік бағ­дар­ламаның қабылдануы көңілге демеу береді. Қазақстанның бәсекелестік қабілеттілігін нақты ұлғайту үшін өзі­міздің барлық күштерімізбен қор­лар­ды жұмылдырып, ұлттың бірлігін ны­ғайтып, тәуелсіздіктің құнды­лық­тары­на қызмет ету әрқайсымыздың Отан ал­дындағы борышымыз екенін ұмыт­пайық ағайын! Мемлекет басшысының «Ұлы­ла­ры­мыздың асыл мұрасы күні бүгінге дейін өзекті, ұлттың жаңа бол­мысы тұғырлы тұлғалардың өсиетінен, өнегесінен бастау алады. Тағылымды тарих пен кемел келешекті ұштастыру – рухани жаңғырудың басты шарты. Кие­лі Түркістанды түлету жолында ау­қымды жұмыстар атқарылуда. Ұлы­ларды ұлықтап, тұлғаларды таныту – біздің бұлжымас саясатымыз. Біз бөспе акциялар мен шаралар форматынан айырыламыз, барлық жұмыстар ба­рын­ша пайдалы және үнемді ұйым­дас­тырылады. Экономикада, әлеу­меттік салада, экологияда көлемді, кешенді, жүйе­лі шараларды іске асыруды жал­ғастырамыз. Барлық қалың бұқара топ­тарының қажеттіліктері мен мұқ­таждықтарына, әсіресе әйелдерге, мүм­кіндігі шектеулі жандарға ынталы көңіл аударамыз. Елімізде саяси жаңар­ту процесін жалғастыру ниетінде «ес­титін мемлекет» қалыптастырып, де­мок­ратиялық қайта құруға бағыттал­ған әділдік пен тең мүмкіндік прин­цип­­терін іске асыру жаңа шабыт бе­ре­ді. Өскелең ұрпақ үшін дамудың ба­рын­ша кең және тартымды белестерін аша­мыз. Менің Президент қызме­тін­дегі басты міндетім – әлеуметтік әділ­дік пен халқымыздың тұрмысының өсуі. Сондықтан мемлекеттің күнде­лік­ті назары біздің азаматтарымыздың өмір сүру сапасын жақсарту. Тепе-тең­дік және конструктивті саясатты дәйек­ті жүргізіп өзіміздің ұлттық мүд­демізді қатаң қорғаймыз» дегені, «Ота­ным – жаным» деген жанның жар­қын болашаққа деген сенімін ны­ғай­тады. Әрине, ел тағдырын шешетін, еге­мендікті нығайтатын үлкен игі шараларды орындау үшін үлкен-кіші болып бойымыздағы Отанға деген сүйіс­пеншілікке сәйкес ауызбіршілікте қол ұстасып, беріле еңбек еткен жөн бо­лар. Тек жақсы тілек жарты жолда қал­масын!  

Нұридін БАЛҚИЯҰЛЫ,

М.Тынышпаев атындағы

Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы Ардагерлер кеңесінің төрағасы,

А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік және

Ақтөбе аймақаралық

мемлекеттік

университеттерінің

«Құрметті профессоры»

 

Серіктес жаңалықтары