Белгілі дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлы Саят Салманұлы мен Сабина Алтынбекованың некесін қиғаны туралы Instagram әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жазды. Оның айтуынша, екі жас некесін Алматыдағы Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің мешітінде қидырған. «Бүгін мешітімізде Саят Салманұлы мен Сабина Алтынбекова ақ некелерін қидырды. Жаратқан некелерін баянды етіп, екі дүниенің бақытын нәсіп етсін!», – деп жазды Қайрат Жолдыбайұлы.
Посмотреть эту публикацию в Instagram