«Қазгидромет» РМК мәліметінше, бүгін Солтүстік циклон жырасы Қазақстанның солтүстік және батыс аймақтарына әсерін сақтайды, кей жерде қар жауады. Қазақстанның қалған аумағы антициклонның ықпалында қалады, яғни күн жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерінде тұман түсіп, күшейеді, солтүстігінде – жаяу бұрқасын болады. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман, қөқтайғақ болып, жел күшейеді, түнде кей жерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 25 м/с болады. Ақмола облысының кей жерінде тұман, жаяу бұрқасын, желдің күші15-20 м/с болады, күндіз екпіні 23 м/с жетеді. Жамбыл, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман күтіледі. Алматы облысының кей жерінде тұман түседі, Жаланашкөл ауданында желдің күші 15-20 м/с жетеді. Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман түседі, күндіз желдің күші 15-20 м/с жетеді. Манғыстау, Атырау облыстарының кей жерінде тұман, қөқтайғақ болады. Қостанай, Ақтөбе облыстарының кей жерінде тұман, қөқтайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, Қостанай облысында жел 15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан облысының кей жернде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі, күндіз желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі.
Жүктелуде...