Иран Ислам Республикасының көсемі Хасан Рухани Америка Құрама Штаттарының Джо Байден басқаратын жаңа әкімшілік бұрын берген уәдісінде тұруға мәжбүр болатынын және санкциялардың ықпалды бола алмайтынын айтты, - деп хабарлады ТРТ.
Бұл мәлімдемені Иран Ішкі істер министрлігінің кейбір жобаларының алғашқы рәсіміне видеоконференция арқылы қатысқан шарада айтқан.
Санкциялардың ықпалсыз болуы үшін баршаның атсалысуын талап еткен Рухани: "Иранның талпыныстары АҚШ-тың ендігі үкіметінің байсалды әрекет етуіне мәжбүр етеді. АҚШ бұрын берген уәделерінде тұруға мүдделі болады және санкциялар ықпалсыз болады. Мұны кешіктірмеуі керек", - деген мәлімдемесінде.