Бүгін Алматы облысында дүниеге келген 140 сәбиге Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған логотипі бар көрпе тарту етілді. «Жаңа туған нәрестелердің ең көбі Қарасай және Іле аудандарында тіркелді. Жоспар бойынша айы-күні жетіп отырған аналар 30 және 25 жас аралығындағылар. Жыл сайын өңірде бала туу көрсеткіші артып келеді. Жалпы, жылына 50 мыңға жуық сәби дүние есігін ашады», – дейді облыстық перинаталдық орталық басшысы Қанат Жұмашев. Биыл жыл басынан бері Талдықорғандағы облыстық перинаталдық орталықта 6 050-ден аса сәби дүниеге келген. Орталық басшысының айтуынша, биыл бала туу көрсеткіші жоғары. Өткен жылы 6 600 ана босанған. Ал биыл жыл соңына дейін 7 000 сәби дүние есігін ашады деген жоспар бар.
Жүктелуде...