Гипноз жасап ақша алып кетті деген күдікпен бір әйел ұсталды

Гипноз жасап ақша алып кетті деген күдікпен бір әйел ұсталды

Гипноз жасап ақша алып кетті деген күдікпен бір әйел ұсталды
ашық дереккөзі
415
Алматыда сауда орталығының сатушыларына гипноз жасап, кассадағы ақшасын алып кетіп жүрген деген күдікпен әйел адам ұсталды деп хабарлайды ҚР Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсы. Сауда үйлерінің бірінің сатушысы бейтаныс әйелге кассадағы ақшаны өзінің қолма-қол бергенін білмей қалғаны туралы арызбен Жетісу аудандық Полиция басқармасына жүгінді. Сотқа дейінгі тергеу барысында бұл қаладағы бірінші жағдай емес екені анықталды. «Ұсталған – 1988 жылы туған Р. деген азаматша, негізінен сауда орталықтарында жұмыс істеген. Бейнебақылау камералары оның сауда аймағына қалай кіргенін, дүңгіршектердің біріне барып, сатушымен әңгімелесе бастағанын көрсетеді. Әңгімелесу барысында ол сатушыны әңгімеге тартып, оны бір жерден көргенін айта бастайды. Осыдан кейін, әңгіме барысында, гипнозды қолданып, қаскөй әйел ақшаны иемденді, сатушының өзі бір күндік кірісті осы әйелге берді. Ақшаны алған ол жайбарақат кетіп қалды. Сатушы есін жиған кезде, гипнозшы жоқ болып шықты. Айта кету керек, күдікті бұрын осындай әрекеттері үшін сотталған. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», – деді Жетісу аудандық Полиция басқармасының бастығы Дархан Мұсанов. Оның айтуынша, мұндай оқиғалар жиі кездеседі. Алаяқтардың құрбаны болмас үшін қылмыстық гипноз жасаушымен контактті үзу керек, яғни әңгімелесуді аяқтау, әңгімелесушінің көзіне қарамау сынды әрекеттерді жасау маңызды. Өйткені гипноз жасаушы визуалды байланыс үзілгенде арам ойын іске асыра алмайды.

Серіктес жаңалықтары