Тараздағы ең үлкен көпір құлаудың аз-ақ алдында тұр (видео)

Тараздағы ең үлкен көпір құлаудың аз-ақ алдында тұр. Көпірде 10 сантиметрлік жарық пайда болған. Опырылып тұрған көпірді жергілікті тұрғындар видеоға түсіріп алыпты. Қала тұрғындарының пікірінше, егер шұғыл шаралар қолданылмаса, қайғылы жағдай орын алуы мүмкін, – деп хабарлайды Almaty.tv.

Ұзындығы 315 метр болатын көпір үш жыл бұрын салынған. Бұл – аймақтағы ең үлкен көпір саналады. Оның құрылысына екі миллиард теңге жуық қаржы жұмсалған.

Күн сайын көпір үстімен төрт мыңнан астам көлік жүреді және бұл шағын аудандарды Қиыр Қарасу тұрғын үй массивімен байланыстыратын жалғыз жол.

Back to top button