Депутат жаңажылдық демалыстардан бас тартуға шақырды

Ресейдің бұрынғы бас санитар дәрігері, Мемлекеттік дума депутаты Геннадий Онищенко ұзаққа созылатын жаңажылдық демалыстардан бас тартуға шақырды, деп хабарлайды РИА Новости.

Оyищенконың сөзінше, демалыстардың көптігінен қаңтардың алғашқы онкүндігі – елдегі жедел жәрдем қызметкерлері үшін ауыр кезең. «Бұл кезеңде ішімдіктен, астан улану, мастықтың кесірінен жарақат алу оқиғалары жиілейді», —дейді дәрігер.  Десе де, депутаттың айтуынша, кейінгі жылдары жағдай оңала бастаған, өйткені ірі қалалардың тұрғындары көбіне шетелге кетуді әдетке айналдырған.

Сондай-ақ, ұзақ демалыстар ел экономикасына да кері әсерін тигізеді дейді Геннадий Онищенко. Жаңажылдық мерекелердің орнына депутат 31 желтоқсанды демалыс күні деп жариялауды ұсынды. «Бұл күні бәрібір ешкім жұмыс істемейді», —дейді депутат.

Айта кетейік, 2021 жылы Ресейде жаңажылдық демалыстар 1 қаңтардан 10 қаңтарға дейін созылады.

Back to top button