Александр Дворкин: Әлемге әйгілі секталар

АУДАРМАШЫДАН: Осыдан біраз жыл бұрын діни ағымдар жайлы мағлұмат іздеп, қазақша кітаптарды ақтарып, ауызтұщырлық ештеңе таба алмай, ақыры әлемжеліге үңілгем. Онда да өз тілімізде талдаған, сараптаған теологты көре алмадым.   Ақыры Александр Дворкин есімді орыс жазушы­сы­ның «Сектология» атты кітабын парақтап шығуға тура келді. Кітапты түгелдей болмаса да, қазақ оқырманға өте қажет-ау деген тұстарын аударған едім. Мұнда секталардың аса қауіптілігімен қатар, мектеп оқушысына дейін білмесе болмайтын жәйлар баршы­лық. Аударғанымды тағы да ық­шам­­дап,  жариялаудың реті енді келді.            

Алдымен жекелеген секталарға тоқталсақ. 1978 жылы қарашада Джим Джонсон деген біреу басқаратын «Халық ғиба­датха­насы» атты секта мүшелерінің өлімі әлемді дүр сілкіндірді. Тропикалық орман орта­сындағы алаңда қырылып қалған ерлер мен әйелдердің, балалардың – барлығы 912 адам. Дүниежүзіне тарайтын басылымдар мен телеарналар оларды жарыса жазды, көрсетті.

Секта жетекшісінің атымен Джонстаун аталған әлгі қалашықтың қанқұйлы көрінісі арқылы – тұңғыш рет тоталитарлық секта­лар­дың қаупі – атышулы сталиндік ГУЛАГ-тан немесе Польшадағы гитлерлік Освенцимнен, Камбоджаның диктаторы Пол Поттың «өлім алаңынан» еш кем емес екені әлемдік деңгейде мойындалды.

Бір айта кетерлігі – марксизм-ленинизм­ді пір тұтқан күні кешегі сіз бен біз өмір сүр­­ген коммунистік қоғам, өзіміз оқымаған­дық­тан білмегеніміз болмаса, кезінде батыс­тың философтары айтса айтқандай орасан үлкен секта еді. Яғни тоталитарлық сектаның ең үлкен формасы. Осы бағаның орынды берілгеніне бүгін көз жеткізіп отырмыз. Ал кішкентай түрі – «Халық ғибадат­ха­насы».

Бұл ұйымның жұмысы Минеаполисте басталып, Сан-Францискода жалғасқан. Джонсонның, әсіресе әлеуметтік бағыттағы халықтың кедей тобына қол ұшын созу тұрғысындағы істерін әртүрлі либерал протестанттар қолдады. Тіпті, қаланың солшыл өкіметі басында «Халық ғибадатханасын» жақтап, оның көсемін жауапты әлеуметтік қызметке тағайындады.

Арада біраз жыл өткенде секта басшысы жөнінде жайсыз әңгімелер көбейген. Оның табынушыларынан ақша жинайтыны, өзін құдай көретіні, қаталдығы, зорлықшылдығы өзге де адам құқына қайшы әрекеттері әшке­ре­ленуге айналған. Қулығына құрық бойламайтын Джонс сол кезде мынадай бастама көтереді. Нәсілшілдік, парақорлық, әлеумет­тік теңсіздік жайлаған америкалық қалалар­дан кетіп, «халық ғибадатханасы» сеніміндегілер жер бетіндегі өз жұмағын жасауы керек. Ол – Латын Америкасындағы Гайана жері. Климаты жылы. Ауасы – шәрбат. Сыңсыған орман ортасы. Сенімдегілердің көбі осы ертегіге елігіп, басшысына ерген. Джонсон өзін Христоспен, Буддамен, Ленинмен, пайғамбар Бабамен (бахаизмнің негізін салушы) қатар қойды. Секта мүшелері жиналыстарда «Мен саған айтуға тиіспін, Джим Джонс өмірімді қалай өзгерткенін» деген сөздерді хормен, билеп жүріп, естерінен тана желігіп айтатын болған.

Қалың орманның ортасында әрі айналасын «періштелері» (ол күзетшілерін солай атаған) күндіз-түні қарауылдайтын қала­шық­ты Джонсон жер бетіндегі жұмақ деп атады. Сондай-ақ ол «кімде-кім осы жұмақты тастап кеткісі келсе, сатқындарға менің пе­ріш­­телерім қамқорлық жасайды…» деп ескертті.

Әрине, батпақты, ылғалды орман алқа­бына тұрақ салу оңай шаруа емес, табынушылар өз құдайына қолдарындағы барын беріп қоймай, оған ақысыз-пұлсыз еңбек етті. Соның нәтижесінде Джонсонның шетелдік банкі­лердегі шоттарында ондаған миллион дол­лар жиналған.

Джонсон өзіне жайлы етіп салдырған сарайында тойып тамақтанып, түн ортасы ауғанша жынойнақ жасайтын. Құмары қанғасын ұзақ, алаңсыз ұйықтайтын. Ал құлдары барактарда тұрды. Ас мәзірі де көңіл көншітерлік емес еді. Ортақ тәртіпке сәл қырын келгендерді қатаң жазалады. Бала-шағаны да аямады. Сыртқы дүниемен байланыс аса сақтықпен қадағаланды. Құдды Кеңес Одағындағыдай.

Іштегі сұмдықтың барлығы сырт көзден шеберлікпен жасырылды. Дегенмен Джонсонның жұмағына сенбейтіндер жеткілікті болатын. Сондықтан конгрессмен Лео Райан бастаған америкалық тексерушілер – журналистер мен адвокаттар тобы жіберілді. Қонақтарды қарсы алу рәсімі мінсіз ұйым­дас­тырылды. Балалардың концерті, жұртқа жағалай жайылған өте дәмді түскі ас, тап-таза көшелер, тұрғындардың ілтипат­ты­лығы Райан тобын тәнті етті. Олар бұған дейін айтылып, жазылып келгеннің барлығы осы тамаша коммунаға жабылған жала екен деген тоқтамға келе бастаған.

Алайда ұйқыға жатар алдында конгресс­мен бөлмесінен бірнеше хат тауып алады. Онда коммунадағы тозаққа пара-пар тірлік сөз болған екен. Қараңғыны жамылып бірнеше адам келіп, Джонсонның шектен шыққан әрекеттерін өз ауыздарымен айтады.

Ертеңгісін конгрессмен Джонсоннан ха­лық­ты түгел жинауын сұрайды. Көпшілікке қарап, «Менімен кеткісі келетін кімдер бар?» деп сұрайды. Алдымен тұрғындардың біреуі алға шығады. Райанның «Мен тұрғанда сендерге ешкім тимейді, қорықпаңдар!» деген сөзінен кейін жұрт тайлы-таяғы қалмай кететіндерін білдіреді. «Бізді өлтіреді» деп ашық айтады олар.

Райан екі кішкентай ұшақпен барған-ды. Көпшілік оған сыймайтыны анық. Тек ауру-сырқауларды, балаларды алып кетуге тырысады. Ұшу алаңына секта мүшелері түгел жиналған. Осы кезде амалы таусылған Джонсон «періштелеріне» атуға бұйрық береді. Райан және бірнеше журналист оққа ұшады. Деген­мен самолеттер көтеріліп үлгерген болатын.

Келесі күні қалашыққа теңіз жаяу әскер­лері барғанымен өте кеш еді. Коммуналық­тар­дың ешқайсысын құтқара алмайды. Құрбандардың жеті жүздейін атқан, қалған­дарына зорлықпен у берілген. Бәлкім кейбіреулері өз еркімен ішкен де болар. Джонсон өзі бой тасалап кетпекке талпынған, бірақ оны бір «періштесі» атып өлтірген деген бол­жам бар. Қайтыс болған 912 адамның 276-сы балалар.

Адвентистік бағыттағы «Дәуіттің үрім-бұтағы» сектасын ойлап тапқан техастық Дэвид Кореш те (шын аты Вернон Уейн Хауэлл) өз қаныпезерлігімен әйгіленді. Секта мүшелері шақтап қана тамақтанып, аз ұйықтауға міндетті болды. Соған дейін жинаған қаржы-қаражаттарын түгелімен сектаға өткізді. Бел жазбай жұмыс істеп, өзін соңғы пайғамбармын деп жариялаған Дэвид Корештің библиялық оқуларына қатысты.

Пайғамбар Дэвид ұзамай жер дүние құри­ды, ақырзаман шегіне жетеді деп ұқтыр­ды. Заманақыр белгісі ретінде сектада­ғы әйел затын түгел өзіне тиесілі етті. Олар кімнің әйелі, қызы екеніне қарамады. Күн сайын ол өзіне қыз таңдайтын. Кейде 10-11 жастағы, он екіде бір гүлі ашылмаған бүлдіршіндерді иемденді.

Секта қарулы күзет ұстады. Полицияға бірнеше мәрте қарсылық көрсетілді. Соның кесірінен полицейлер оққа ұшты. Ақыры секта орталығын, яғни соңғы пайғамбар өзін-өзі өртеп жіберді. Өртенген орыннан барлығы жүз адамның мүрдесі табылған. Олардың жиырма бесі балалар.

1994 жылы швейцарлық Люк Жюре бас­қа­ратын «Күн ғибадатханасы» сектасы­ның мүшелері жаппай өзін-өзі өлтірді. Таңданар­лы­ғы – аталған ұйым экологиялық мәселе­лер­мен айналысады делінетін. Люк Жюре сылқым ханымдар жиналатын клубтарда салауатты өмір салты, ғаламдық ластану, вегетариандық тамақтану үрдістері жайлы лекциялар оқыған. Соған қарап ұйымның қатал сектаға айналғанына ел-жұрт сене қоймайтын. Бұлар да ақырзаман болатынына шек келтірмеді. Гайаналықтар секілді бір жерде тұрмағанмен, түбінде өртеніп өлуге тиістіміз деп ойлады. Яғни, өз көсемдерінің сеніміне жіпсіз байланды. Жюре әулиелікпен «Өлім сапары» деген ертегіні ойлап тапты. Секта мүшелері барлық рәсімдерді сақтап, өртеніп өлсе «Сириус» деген жұлдызда қайта туады мыс. Әрине, оған секта мүшелері қалт­қы­сыз сенді. Тек жоғарыдан белгі бері­луін күтті.

Аталған белгі 1994 жылы қыста (түн ұза­рып тоқтаған күні) беріліпті. Жюре бастаған 53 адам өртеніп өлгені хабарланды. Бұл жағдай Швейцарияның тағы екі ауылында және Канаданың Квебек провинциясында қайталанды. Құрбандардың оны – балалар. Барлығы өлер алдында күшті есірткі қабыл­даған. Естерін білмей қалған кезде, бастарына пластикалық қап кигізіліп, тапаншамен атқан. Кейбіреулеріне «адалдық танытқаны сонша», тоғыз мәрте оқ атқан. Сосын барлық рәсімін жасап, мүрделерін өртеген.

Тура бір жыл өткенде осы сектаның 16 мүшесі Францияның Альпі таулары ормандарында өздеріне-өздері қол салды. Өлі денелерді тапқанда анықталғаны – жұлдыз секілді дөңгелендіріп, бәрінің аяғын ортаға қаратқан. Сөйтіп барып от қойған. 1997 жылы күн мен түн теңелген наурыз айында «Күн ғибадатханасының» жоғарыда аталған Квебектегі тағы бес мүшесі өздерін өлімге қиғаны анықталды. «Күн ғибадатханасы» сектасының құрбандары күні бүгінге дейін жалғасып, көбейіп келеді.

Сёко Асахара есімі негізінен көзі ашық жұртқа таныс. Әйгілі «Аум Синрикё» сектасы­ның көсемі. Ол жастайынан бір көзі көрмей­тін зағиптар санатында жүргенде де өзі құралыптас балаларға күн бермеген тентек. Асахара премьер-министр болуды армандайды. Есейгенде парламентке мүшелікке өтуге талпынады. Одан түк шықпағасын дін саласына біржола бет бұрады. Таңданарлығы – аталған сектаны Тибеттің Далай ламасы қол­дайды. Ресей үкіметі өз мақсаттарына пайда­лануға тырысады.

Секта заңсыз жылжымайтын мүлік сатумен, сақтандыру полисін жасаумен, медицина саласындағы қитұрқы әрекеттермен, тонаушылықпен, адам ұрлаумен, өлтірумен айналысады. Біршама уақыт бактериялық қару жасау машақатымен әбігер болғанымен тәжірибелері нәтижесіз аяқталады. Фашистік Германияның өлім лагерлерінде қолданған улы газ әлемге әйгілі болған кезде, соны қалай­да қолға түсіруге тырысады. Асахара­ның арманы – Токионы сол газбен тұн­шық­тырып, қарсыластарын қырып салып, Жапо­нияға өз билігін орнату еді. Оған да Ресей арнайы күштерін тартуды ойластырды. Сосын әлемді уысында ұстауды қиялдай­тын.

Ақыры Асахара «гитлерлік газды» жасайды. Енді сынап көру мәселесі қалған. 1994 жылы маусым айында Масумото қаласында жасалған газбен улау кезінде жеті адам өліп, жүз шақтысы ауру болып қалған. 1995 жылы наурызда Токио метросында қолданылған газ сынағында он екі адам қаза болып, бес жарым мыңдай кісі ауруханаға түскен. Осыдан кейін жапон полициясы Асахарадан бастап секта мүшелерін тұтқындап, дүние мүліктерін тәркіледі. «Аум Синрикё» монастрлары Ресейде, өзге де елдерде әлі күні өз ісін жалғастыруда. «Аум» деп аталатын интернет сайты бар. 2001 жылы Владивосток қаласында мұздай қаруланған секта мүшелері ұсталған. Мақсаттары – түрмедегі Асахараны құтқару, Жапонияда террористік жарылыстар жасау болыпты.

«Аспан қақпасы» сектасы мүшелерінің 1997 жылғы көктемдегі өлімі де өзгеден алабөтен. Секта мүшелерінің тұрағы Оңтүстік Калифорнияның Сан-Диего қаласы маңындағы элиталық аумақта орналасқан. Сондағы ескі оңаша үйден полиция 26-72 жас аралығындағы отыз тоғыз ер мен әйелдің мәйітін тапқан. Әрқайсысы өз төсегіне, қолдарын кеудесіне қойып жатқызылған. Дәлірегі – өздері жатқан. Барлығы бірдей қара түсті шалбар, футболка, аяқ киім киген. Бас­тарында пластик қап. Кеуделері төрт бұрыш­тап қиылған көгілдір матамен жабыл­ған. Төсектерінің қасына жолға керек-жарақ салынған сумка қойылған. Қалтала­рына бес доллар жиырма бес тиыннан салып қойған. Көзәйнек таққандары дәл қастарына тап бір ұйқыға жатқандай алып қойған. Зерттеу қоры­тындысы бойынша, алты еркек хирур­гия­лық жолмен кестірілгені анықталған.

Секта мүшелері тегіс жоғары дәрежелі компьютер мамандары болған. Әлемжеліде тұрақты жұмыс істеген. Сол арқылы ақша тауып, қаржыларын тек көсемнің білермендігіне салып отырған. Әрқайсысы өз сайттарын жүргізуді де ұмытпаған. «Аспан қақпасы» сайттарында жер шарының ұзамай күлі көкке ұшатыны, өзге өркениеттер, әлемді апаттан қорғап қалу тағы басқа мәселелер туралы өте көп жазылды. Секта жетекшісі өзін До деп атаған Маршалл Эпплуайт. Ол ет жеуге қатаң тыйым салды. Вегетариандық жеңіл-желпі тағамдар берілді. Жеміс шырындарын ішуді рұқсаттады. Кейде секта мүше­лері көршілес үйлерге өздері пісірген дәмді балбауырсақ, тәттілерін сыйлаған. Бірақ өздері оларын жемейтін көрінеді. Жыныстық қатынас сұмдық жамандыққа баланды. Әйел мен еркек өз ерекшеліктерін жоғалтуы тиіс делінді. Ақырзаман болып дүние түгел құритынына еш шүбә келтірмеді.

Хейл-Бопп кометасы жерге жақындап келе жатқаны белгілі болған кезде, әлемже­лі­де отырған әлдебір қалжыңбас оның құйрығында алып космостық корабль жасырылғанын жазады. Сол-ақ екен, «Аспан қақпасы» табынушылары бұл бізге берілген белгі деп ұғады. Қуаныштары қойнына сыймай, өлімге қамданады. Әлемжеліде өз қоштасуларын жазып, видео камераларға соңғы бақытты сәттерін түсіреді. Сосын алдымен он бес мүшесін киімдерін кигізіп, қатты ұйықтататын дәріні араққа қосып береді. Ұйықтағасын пластик қапты тұншық­ты­ра кигізіп, үстінен жібек матамен байлайды. Келесі күні тағы он бесін, одан жетеуін осы рәсім бойынша о дүниеге аттандырады. Қалған екеуі өзін-өзін өлтірген. Бірақ бастарына пластик қап кимеген. Кө­мек­­тесетін жан болмаған. Бәлкім мәйіттер­дің иісіне тұншы­ғып өлген шығар деген болжам жасалды.

Секта көсемдерін ауыр қылмысқа итермелейтін не? Адам миын айналдыру, өзіндік санадан айыру жолдары қандай? Осы сұрақ­тарға әйгілі психолог ғалым Роберт Лифтон біз ілкіде сөз еткен Асахара мен Эпплуайтты салыстыру арқылы жауап іздеп көрген.

Жаңа секта құру үшін, оның көсемі алдымен мифтік тұлғаға айналуы шарт. Секта өлімге ұласатын күрес жолымен қалыптасып, көсем мүшелердің осы жолдағы құлшы­ныс­тарын арттыру мақсатында олардың өлімге деген көзқарастарын өзгертіп, «көздерін ашу» қажет. Табынушыларын қалтқысыз иландыратын секталық аңызда міндетті түрде діни астар болмақ. Мысалы, Асахара өз айтуынша, жас күнінде заңды жиі бұзған. Неге екені белгісіз, күдікті болып көріне берсе керек. Ал отыз жасқа толғанда, көзіне үнді құдайы Шива көрінген. Шива – бүлдіру және қайта құру құдайы делінеді. Ол Асахараны «көрсо­қыр күштерге қарсы құдайлар армиясын басқаруға шақырады» мыс… Осы шылғи өтірікке сендіре білгеніне қарағанда, Лифтон айтса айтқандай, Асахарада белгілі деңгейде талант бар. Өзге секта көсемдері секілді Аса­хара мен Эпплуайт та шәкірттерін жоғары рухани деңгейге көтерілгенде мәңгілікке аяқ басатындарына сендірді. Өздерін асыл текті нәсіл ретінде сезінуге жеткізген осы сенім, «Аум Синрикёны» ақыры өзге адамдарды қырып-жоятын қанішер сектаға айналдырды. Эпплуайттың бұл дүниені жаманшылық жай­лаған, түкке тұрғысыз әлем ретінде көр­сетуі неге жеткізгені де жоғарыда айтылды. Секта мүшелері көкте рухани патшалық бар екеніне күдіктенбеді. Онда өздері сықыл­ды аса таза адамдар кәдімгідей өмір сүреді деп көрді. «Сөйтіп «аум синрикёлықтар» өзге­лерді, ал «Аспан қақпасы» мүшелері өзде­рін өздері өлтірді. Ортақ нәтиже – өлімге иелік ету» деп түйеді Лифтон. Оның пайымдауынша, суицид пен қасақана басқаны өлтіру қатар бола беретін құбылыс. Мысалға, Джонстаунда жұмаққала тұрғындарының шамамен тең жартысы өз еріктерімен у ішкен. Қал­ған­дарын атқан және зорлықпен у ішкізген.

«Аспан қақпасы» мүшелері сенген, оларды құтқаруға келетін космостық корабль ұғымы – саентология сеніміндегілерде де бар. Саентология – өз әрекетімен адамдарды психикалық асқынған дертке шалдықтырып, суицидке жеткізетін, сеніміндегілерді қатыгездікпен өлтіретін, аса мол мөлшерде қаржылық алаяқтық жасағандықтан, әлемнің көптеген елінде неше мәрте айыпталған секта. Қызығы – «Аспан қақпасының» көпте­ген мүшелері соған дейін саентологияға бас сұғып көргендер. Демек, екі секта арасында, наным-сенімдерінде туыстық жоқ емес.

Азғындығымен әйгілі «Отбасы» (бұрынғы аты – «Құдайдың балалары») сектасында да алып ғарыштық кемені күту үрдісі бар. Бұл олардың барлық жарнамаларында, өз ішінде пайдаланатын оқулықсымақтарында түгел­дей көрсетілген.

Секталар түрліше бола береді. Олардағы ортақ белгінің бастысы – өз табынушыла­ры­ның да, өзгелердің де өмірі – көк тиын. Өлім, құрбандық үйреншікті жәй. Әрі біріктіре түсетін – дәнекер. Өкініштісі – адамдар аңқау­лықпен секта насихатшыларының сайқал күлкісіне, түрлі түсті жарнамаларына сеніп қалады, қақпанына түседі. Сөйтіп өзінің еркіндігін, мүмкіндігін, адами келбетін жоғалтып, алаяқ секта көсемінің басыбайлы құлына айналады. Секталардың адамгер­ші­лік­тен ада болмысын танығасын қатары­нан шығып, қарсы ашық насихат жүргізген адамдар да болған. Олар басқалардың бұл азғын жолдан бас тартуына көмектескен. Назар аударарлығы – олар сол секталар тарапынан қатаң жазаланып, көбі айуандықпен өлтірілген. Мысалға, Миллстер деген адам­ның отбасын кішкентай баласына дейін аямай қырып салған.

Секталарға қарсы күрес жолдары әлем елдерінде әртүрлі. Германия федеративтік республикасы үкіметінің мектеп оқушыла­рына тарататын үнпарағында тоталитарлық секталардың 17 түрлі белгісі көрсетілген:

  1. Секта осы күнге дейін саған не жетпей келге­нін тап басады. Топқа енгеннен іздеге­нің­ді табасың.
  2. Алғашқы кездесуде-ақ сенде жаңа көзқарас пайда болады.
  3. Топ мүшелерінің дүниетанымы таң­да­нар­лық деңгейде қарапайым. Әрі кез келген мәселені түсіндіре алады. Яғни, жауаптары дайын.
  4. Топ мүшелеріне дәл мінездеме беру қиын. Сен тексеруге не ойлануға тиіс емессің. Сенің жаңа достарың былай деп құйқылжы­та­ды: «Мұны сөзбен түсіндіру мүмкін емес. Басың­нан кешуің керек. Қазір біздің орталық­қа барайық…»
  5. Топтың ұстазы, іс жүргізушілері, көсемі болады. Барлық ақиқат тек көсемге аян.
  6. Осы топтың оқуы ғана – мәңгілік ақи­қат білім. Дәстүрлі ғылым, қалыпты шығар­ма­шылық ойлау, парасат түгелімен жоққа шығарылады. Олар негізсіздік, шайтандық, білімсіздік делінеді.
  7. Басқалардың сыны – топ ішінде олар­дың ісінің дұрыстығының айғағы болып есеп­­теледі.
  8. Әлем апатқа беттеп барады. Оны құтқа­рудың жолын тек осы топ біледі мыс.
  9. Осы топ қана элита. Қалған адамдар түгел ауыр науқас, қатты адасқан. Оның дәле­лі, не өздерін құтқаруға жол бермейді не топқа тілекші болмайды.
  10. Сен жылдам осы топқа мүше болуың керек.
  11. Топ сенің басқалармен қарым-қатынасыңды шектейді. Мысалға киімің, тамағың, сөйлейтін сөзіңе дейін анық белгіленген.
  12. Топ сенің бұрынғы байланыстарыңды үзуіңді қалайды. Себебі олар сенің рухани жетілуіңе кедергі келтіреді.
  13. Сенің сексуалдық қатынасың да реттеледі. Мүмкін жұбыңды тауып береді. Не топтық сексті нұсқайды. Әлде жыныстық қатынасқа мүлдем тыйым салады.
  14. Топ саған бос уақыт қалдырмайды. Кітап әлде газет сатасың. Курстарға барасың. Жаңа адамдар тартуға шығасың, тағы басқа.
  15. Ешқашан жалғыз қалдырмауға тырысады. Топтың бір мүшесі сенімен міндетті түрде бірге болады.
  16. Егер күдіктене бастасаң, уәде етілгендей табыстарға жете алмасаң, бәрібір өзің кінәлісің. Бәлкім онша сенбейсің, әлде өзіңді өзің дұрыстап қолға алмай жүрсің.
  17. Құтқарылудың жалғыз жолы осы болғандықтан, топ ережелерінің сөзсіз сақталуын, тәртіпті болуыңды қатаң талап етеді.
  18. Үнпарақ мынандай ескертумен тәмамдалады: «Егер сені жарылқаушылардың ісінен осы 17 түрлі белгінің біреуін байқасаң: сақтан!!!»

Тәржімалаған

Дағжан БЕЛДЕУБАЙ

Редакция таңдауы

Қазақстанда 2021 жылғы ҰБТ басталды

Бүгін еліміздің барлық өңірінде Ұлттық бірыңғай тестілеу басталып, ақпанның 5-іне дейін жалғасады. Еліміз бойынша барлығы 143 тестілеу өткізу пунктінде 1 230 аудитория жұмыс істейді,...

Президент Ахметжан Есімовті қабылдады

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» акционерлік қоғамының 2020 жылы атқарған жұмыстарының алдын ала қорытындылары туралы баяндалды. Жаһандық дағдарыс пен пандемияға қарамастан холдинг былтыр өз...

Нью-Йоркте тұратын қазақ профессорының кітабы шықты

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы Колумбия университеті Гарриман институтының профессоры, отандасымыз Гүлнәр Кендірбайдың «Russian Practices of Governance in Eurasia. Frontier Power Dynamics, 16th-19th Century» («16 ғасырдан...

Қазақстандықтар ақпанда неше күн демалады?

Ақпанда мемлекеттік және ұлттық мерекелер болмайтындықтан қазақстандықтар күнтізбелік демалыс күндері ғана демалады. 2021 жылғы ақпанда 28 күн бар. Оның ішінде төрт күн сенбі мен жексенбіге...
ent 660x330 1

Қазақстанда 2021 жылғы ҰБТ басталды

Бүгін еліміздің барлық өңірінде Ұлттық бірыңғай тестілеу басталып, ақпанның 5-іне дейін жалғасады....
photo 349184

Елімізде ет бағасы қымбаттады

Қазақстанда бір жыл ішінде сиыр, жылқы және  қой етінің бағасысы едәуір қымбаттаған....
883243b6 e0ab 4ccc ae4c 33ce794cc381

«Uly Dala Jastary» байқауының жеңімпаздары өнер академиясына емтихансыз қабылданды

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында 11-15 қаңтар аралығында онлайн форматта «Uly Dala Jastary» атты...

Жаңалықтар

Қазақстанда 2021 жылғы ҰБТ басталды

Бүгін еліміздің барлық өңірінде Ұлттық бірыңғай тестілеу басталып, ақпанның 5-іне дейін жалғасады. Еліміз бойынша барлығы 143 тестілеу өткізу пунктінде 1 230 аудитория жұмыс істейді,...

Елімізде ет бағасы қымбаттады

Қазақстанда бір жыл ішінде сиыр, жылқы және  қой етінің бағасысы едәуір қымбаттаған. Кейбір ет түрлерінің бағасы 16 пайызға көтерілген. 2020 жылғы 3 тоқсанда әрбір қазақстандық...

«Uly Dala Jastary» байқауының жеңімпаздары өнер академиясына емтихансыз қабылданды

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында 11-15 қаңтар аралығында онлайн форматта «Uly Dala Jastary» атты III республикалық жас хореографтар байқауы өтті. Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін конкурс Т.Жүргенов атындағы Қазақ...

Елімізде 45 мың теңге жалақы алатындар саны – 50 мың адам

Қазақстанда 50 мыңға жуық адам айына 45 мың теңгеге жетпейтін жалақы алады. Бұл туралы atameken.kz хабарлайды. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, мұндай жалақыны Қарағанды және...

Коронавирустан жазылғандарды оңалтуға бөлінетін қаржы 9 есе өсті

Коронавирус пандемиясы оңалтудың қаншалықты маңызды екенін және бұл бастама уақтылы жүзеге асырылғанын көрсетті. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» басқарма төрағасы Болат Төкежанов айтты. «Әлеуметтік...

Коронавирустың симптомсыз түрін жұқтырғандар әлдеқайда қауіпті – маман пікірі

Медицина ғылымдарының докторы, эпидемиолог Сәкен Әміреев COVID-19-дың симптомсыз түріне шалдыққандар коронавируспен ауырғандардан әлдеқайда қауіпті екенін айтады. ҚазАқпараттың жазуынша, дәрігер: «Қазақстанда және көрші елдерде ахуалдың тұрақталғаны...

Ақмола облысында полицейді көлік капотында сүйреген азамат сотталды

Ақмола облысында жол патрульдік полициясының қызметкерін көлік капотында сүйреген 24 жастағы ер адам 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Облыстық ПД мәліметінше, 2020 жылдың 14 ақпанында...

Қазақстан тарихы энциклопедиясының үш томы жарыққы шықты

Жақындағы ғана бүкіл Қазақ тарихшы ғалымдарының арманы орындалды. Қазақстан тарихы энциклопедиясының 3 томы жарық көрді. Бұл маңызды басылымдар - Қазақстан тарихының көне дәуірден қазіргі заманға...

Кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қылмыстар үшін жаза қатаңдатылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қылмыстар үшін жазаны қатаңдатуды тапсырды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Осы орайда ІІМ тарапынан кейбір заңнамалық...

Қостанайда «бомба қойылды» деген үйдің тұрғындары эвакуацияланды

Облыстық полиция департаменті Қостанай қаласында «тұрғын үйге бомба қойылды» деген оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жасады. «Бүгін шамамен сағат 15:05-те «Оңтүстік» полиция бөлімшесіне Лермонтов көшесіндегі тұрғын...

Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 2,1 трлн теңгеге жетті

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қазақстандықтар 2020 жылы қанша ақша жинағанын айтты. 2021 жылдың 1 қаңтарында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы салымшыларының шотында 12,9 триллион теңге зейнетақы...

Журналистер тегін құқықтық кеңес алады

М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті және «BAQ KASIPODAQ» арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Салтанатты рәсімге КАЗГЮУ Университетінің Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев және «Бұқаралық...

2020 жылы елімізде ең көп сатылған көліктердің үздік бестігі белгілі болды

2020 жылы Қазақстанда ресми дилерлер 89 мыңнан астам жаңа көлік сатқан. Бұл туралы «ҚазАвтоӨнеркәсіп» автокөлік саласындағы кәсіпорындар одағы хабарлады. «Былтыр ресми дилерлер 89 097...

Назар салыңыз: зейнетақы жинағын тексерудің бірнеше әдісі бар

Жыл басталғалы бері азаматтарда зейнетақы жинағын тексеруге, есептеуге және шешіп алуға қатысты сұрақ көп. Осыған орай Бірыңғай зейнетақы жинақтау қоры (БЖЗҚ) зейнетақы жинағы туралы...

Жауапты хатшы институты жойылды: 8 министрліктің хатшысы қызметінен босады

Қазақстанда министрліктердегі жауапты хатшылар институты ресми түрде жойылды, – деп хабарлады ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі. 2021 жылғы 18 қаңтарда Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев...

«Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды

«Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Бақытжан Сағынтаев бюро мүшелеріне партияның қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары 33 жастағы Мейіржан Отыншиевті таныстырды. Мейіржан...

Қуат Хамитовтің соты кейінге қалды

Аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитовтің соты кейінге қалды. Адвокат Хамитовтің интернеті нашар болуына байланысты процесті кейінге қалдыруды сұрады. Ол Қуат Хамитовтың интернетке қосыла алмайтынын...

Трамп жаңа партия құрмақ

Бүгін АҚШ президенті қызметін аяқтаған Дональд Трамп өзінің жақтастарымен жаңа партия құру мәселесін талқылап жатыр деп хабарлайды америалық БАҚ өкілдері сенімді дереккөздеріне сілтеме жасап. «Дереккөздерінің...

Оңтүстік Кореяда Қазақстанның 26 азаматы қылмыстық жауапқа тартылды

ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов Корея Республикасында Қазақстанның 26 азаматы қылмыстық жауапқа тартылып жатқанын мәлімдеді. «Кореяда сотталған 25 адамды қайтаруға толық мүмкіндік бар. Өкінішке...

Зейнетақы қорынан алуға болатын қаражат көлемі өсті

Желтоқсанда инвестициялық табысты қоса алғанда, БЖЗҚ активтері 193 миллиард теңгеге өсті. Сондықтан да мерзімінен бұрын алуға болатын қаражат көлемі де ұлғайды, деп хабарлайды Inbusiness.kz.  "Бірыңғай...

Forbes ең жомарт миллиардерлердің рейтингін жариялады

Америкалық Forbes басылымы АҚШ-тың ең жомарт миллиардерлерінің рейтингін жасады. Басылым олардың өмір бойы қайырымдылыққа қанша қаражат жұмсағанын есептеді. Басылымның мәліметінше, 42,8 миллиард долларды қайырымдылыққа...

Қай өңір тұрғындары етті көп жейтіні белгілі болды

2020 жылдың үшінші тоқсанында әрбір қазақстандық орташа есеппен 21,3 кг ет және ет өнімдерін тұтынды. Бұл 2020 жылдың екінші тоқсанымен салыстырғанда 1 кг көп,...

Петропавлда үйі өртенген отбасы 5 баласымен далада қалды (видео)

Петропавлда жалдамалы үйі өртеніп кеткен отбасы бес баламен бірге далада қалды. Дүйсембиндер әулеті осы күнде жазғы шай ішетін кішігірім үйді күнелтіп отыр деп хабарлайды...

COVID-19: ДДСҰ өлімнің рекордтық көрсеткішін тіркеді

Өткен аптада әлемде коронавирустан көз жұмғандардың рекордтық көрсеткіші тіркелді. Жеті күн ішінде індеттен 93 мыңнан астам адам қайтыс болды, деп хабарлайды Дүниежүзілік денсаулық сақтау...

Алматыда ҰБТ басталды

Алматыда 11-сынып оқушылары үшін Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу басталды. ҰБТ 20-30 қаңтар аралығында Алматы қаласының бес ЖОО базасында өтеді. Бұл ретте ҰБТ өткізу пункттерінде күшейтілген...

Алдағы он жылда жаһанды сынға алатын басты қауіп-қатерлер аталды

Дүниежүзілік экономикалық форумның сарапшылары алдағы он жылдағы басты жаһандық сын-қатерлерді атады, деп жазады Fast Company. Экологиялық түйткілдер (мысалы, экстремалды ауа-райы жағдайлары) алдағы уақытта бизнес пен...

COVID-19: Өткен тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті

Қазақстанда өткен тәулікте 1134 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 198 Алматы қаласы - 112 Шымкент қаласы - 10 Ақмола облысы...

Смартфондағы қосымшалар арқылы адамның жеке деректері қалай ұрланатыны белгілі болды

"Роскачество" сандық сараптама орталығының жетекшісі Антон Куканов "Российская" газетаға берген сұхбатында смартфон арқылы адамды қалай бақылауға болатынын айтты. Оның айтуынша, телефон арқылы бақылау үшін адамдарға...

Дәрігерлер коронавирустан көз жұмғалы жатқан науқастың соңғы тілегін орындады

Ұлыбританияда аурухана дәрігерлері коронавирустан көз жұмғалы жатқан науқастың соңғы тілегін орындап, оған сыра әкеліп берді. Бұл туралы Daily Star хабарлады. Қарқынды терапия қоғамының құрметті хатшысы...

Банктер мен ақша айырбастау нүктелерінің жұмыс режимі өзгерді

Қазақстан Ұлттық Банкі мен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің бірлескен бұйрығымен COVID-19-ға байланысты Қазақстандағы банктердің, ломбардтар мен айырбастау пункттерінің жұмысына шектеулер енгізілді. Қаржы нарығын...

COVID-19: БҚО-ның бес ауданында карантин күшейтілді

Батыс Қазақстан облысының бес ауданында карантин күшейтілді. Бұл туралы облыс әкімі Ғали Есқалиевтің төрағалық етуімен өткен жедел штаб отырысында айтылды. БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы...

Елімізде тағы бірқатар сала қызметкерлерінің жалақысы артпақ

Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет 2020 жылы бюджет саласының 883 мың қызметкерінің, оның ішінде...

Украинадағы қызмет көрсету саласы толық украин тіліне көшірілмек

16 қаңтардан бастап Украинадағы қызмет көрсету саласы клиенттермен қарым-қатынаста толық украин тіліне көшуі тиіс. 2019 жылғы сәуірде қабылданған мемлекеттік тіл туралы заңның талабы осындай....

Президент Ахметжан Есімовті қабылдады

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» акционерлік қоғамының 2020 жылы атқарған жұмыстарының алдын ала қорытындылары туралы баяндалды. Жаһандық дағдарыс пен пандемияға қарамастан холдинг былтыр өз...

Оралда шоқыну мейрамына келген 78 жастағы қария көз жұмды

Оралда шоқыну мейрамы кезінде ойыққа су алуға барған зейнеткер көз жұмды, деп БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Ер адам созылмалы сырқатпен есепте тұрған....

Тоңазытқышта көз жұмған сәби: Айыпталушылар сот үкімімен келіскен жоқ

Атырауда тоңазытқышта көз жұмған сәби ісі бойынша облыстық перзентхананың бас дәрігері мен қылмысқа қатысы бар деп танылған басқа да қызметкерлерге қатысты сот үкімі шықты. Облыстық...

Президент 1 миллион 70 мың қызметкердің еңбекақысын көтеруді тапсырды

Мемлекет басшысы бүгін Асқар Маминді қабылдады. Онда Премьер-Министр Президенттің тапсырмасы бойынша 2020 жылы Үкімет бюджет саласындағы 883 мың қызметкердің еңбекақысын өсіргенін айтты. «Атап айтқанда 609 мың...

«Халық сенімі». Ильхам Әлиев Елбасын Nur Otan партиясының жеңісімен құттықтады

Нұрсұлтан Назарбаевтың атына ҚР Парламенті Мәжілісі сайлауындағы Nur Otan партиясының жеңісіне орай хаттар мен жеделхаттар келіп түсті Түркия Республикасының Президенті Режеп Ердоған өз жеделхатында күллі...

Елбасы Дмитрий Медведевпен телефон арқылы сөйлесті

«Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «Единая Россия» бүкілресейлік саяси партиясының төрағасы, Ресей Федерциясының Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведевпен телефон арқылы сөйлесті, –...

Мемлекет басшысы Асқар Маминді қабылдады

Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады, – деп хабарлады Ақорданың ресми сайты. Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі санитарлық-эпидемиялық ахуал мен әлеуметтік-экономикалық дамудың өзекті мәселелері туралы баяндалды. Асқар...

Нью-Йоркте тұратын қазақ профессорының кітабы шықты

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы Колумбия университеті Гарриман институтының профессоры, отандасымыз Гүлнәр Кендірбайдың «Russian Practices of Governance in Eurasia. Frontier Power Dynamics, 16th-19th Century» («16 ғасырдан...

Ауа райына байланысты 7 облыста ескерту жарияланды

Қазақстанда жеті облыс аумағында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, – деп хабарлады Қазгидромет. 20 қаңтарда Ақмола облысында басым бөлігінде күндіз қар жаууы ықтимал. Кей...

Оралда 21 қаңтардан бастап шектеу шаралары күшейтіледі

Орал қаласындағы Бас мемлекеттік санитар дәрігердің міндетін атқарушы Роза Хасенованың 19 қаңтардағы қаулысына сәйкес, сауда үйлері мен орталықтар, базарлардың қызметі жексенбі күндері тоқтатылады. Қоғамдық тамақтандыру...

Қордайдағы жанжал: Таразда өтіп жатқан сотта айыпталушы өз-өзін жарақаттады

Қордайдағы ұлтаралық жанжалға байланысты Таразда өтіп жатқан сотта айыпталушылардың бірі өзін жарақаттады. Сот процесінде бір айыпталушы «бізді тоқпен азаптады, ұрып-соқты» деп шағымданды, – деп...

Беларусь 2021 жылы хоккейден әлем чемпионатын өткізу құқығынан айырылды

Беларусь Республикасы 2021 жылғы хоккейден әлем чемпионатын өткізу құқығынан айырылды. Халықаралық хоккей федерациясы (IIHF) осындай шешім шығарды. IIHF таратқан ресми мәлімдемеге сүйенсек, бастапқыда Минсктегі Әлем...

Коронавирус: Қырғызстан Pfizer вакцинасынан бас тартатын болды

Қырғызстан Республиканың Денсаулық сақтау министрі Алымқадыр Бейшеналиев Pfizer вакцинасынан бас тартуға оны сақтайтын тоңазытқыштардың болмауы себеп болғанын айтты, – деп жазды РИА Новости. «Бізге америкалық...

«Анашымды сағындым»: «Жасөспірімдер үйінен» қашып кеткен бала бес күннен кейін табылды

Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 қаңтарда сағат 10.00 шамасында «102» арнасына «Жасөспірімдер үйінің» қызметкерлері хабарласып, сол күні сағат 09.00-де 17...

Алимент төлемеген 119 әкенің мүлкі тәркіленді

Қостанай облысының сот орындаушылары алимент төлемей жүрген 14 мыңнан астам адамды тіркеуге алды. Облыстық әділет департаменті басшысының орынбасары Динара Сәрсебекова алимент төлемеген борышкерлердің берешегі 99...

«Тақиялы періште» атанған Әлімғазы Райымбековтің неден қайтыс болғаны айтылды

Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Әлімғазы Райымбеков коронавирустан қайтыс болды. Бұл туралы актердің қызы Сурия Райымбекова айтты, – деп жазды Tengrinews.kz. Белгілі қазақстандық актер 19 қаңтарда 86-ға...

Коронавирус: елімізде екі аптадан кейін вакцинация басталады

Елімізде 1 ақпаннан бастап коронавирус инфекциясына қарсы вакцина егу жоспарлануда. «Коронавирус инфекциясына қарсы вакцина егу шаруасын жеделдету мақсатында келесі бағытта жұмыс жүргізілуде: 2021 жылғы...

Ресей соты Навальныйды 30 күнге тұтқындады

Ресей соты Федеральды қызметтің сұрауы бойынша оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйды 30 күнге тұтқындау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы оның адвокаты Вадим Кобзев мәлімдеді, деп...

Елімізде электронды вакцинация паспорты енгізіледі

Қазақстанда электронды вакцинация паспорты енгізіледі. Бұл туралы Lенсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті.  Министрдің айтуынша, коронавирусқа қарсы вакцинацияға дайын болу үшін үкіметтің қаулысының жобасы...

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп, 2 адам көз жұмды

Қостанай облысының Бейімбет Майлин ауданында тұрғын үй секторынан өрт шығып, екі адам көз жұмды, деп хабарлайды ТЖД баспасөз қызметі. «18 қаңтар күні сағат 07:34-те «101»...

Жаңадан тағайындалған екі министр ант берді (видео)

Жаңадан жасақталған Қазақстан Үкіметінің алғашқы отырысында жаңа тағайындалған Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев пен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов ант беру...

«Жарылып кетуі мүмкін»: Маман телефонды қандай жағдайда қуаттауға болмайтынын айтты

Телефонды батареясы ұлғайғанда, күнге қатты қызып кеткенде немесе дымқыл күйінде қуаттау қауіпті. Бұл туралы Прайм агенттігіне "Роскачество" цифрлық өнімдерін сынау жөніндегі аға маманы Сергей...

«Күніне 7 мың адам жұқтырады»: Министрлік коронавирустың шарықтау шегі қашан болатынын болжады

Коронавирустың шарықтау шегі наурыз айының соңында болуы мүмкін. Бұл туралы Үкіметтің онлайн отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді. "Министрліктің болжау жөніндегі жұмыс тобы қолданыстағы...

Қазақтың «тақиялы періштесі» өмірден өтті

Қазақстанның Мәдениет қайраткері, актер Әлімғазы Райымбеков 85 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Көпшілікке режиссер Шәкен Айманов түсірген «Тақиялы періште» фильміндегі Тайлақ деген есіммен кең танылған...

COVID-19: Тағы бір өңір «қызыл» аймаққа енді

19 қаңтарда коронавирус инфекциясының таралу деңгейі жағынан «қызыл» аймаққа Солтүстік Қазақстан облысы кірді. «Денсаулық сақтау министрлігі елдегі эпидемиологиялық ахуалға күн сайын талдау жүргізіп отыр. Жыл...

Трамп президенттіктің соңғы күнін қалай өткізетіні белгілі болды

АҚШ президенті Дональд Трамп осы лауазымдағы соңғы күнінде Мэриленд штатындағы әскери аэродромда қоштасу рәсімін өткізуді жоспарлап отыр, деп  хабарлайды The Hill.  Іс-шара Вашингтондағы Джо Байденді...

Президент 8 шенеунікті қызметінен босатты

Мемлекет басшысының өкімімен бірқатар жауапты хатшылар қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты. Жауапты хатшылар институтының таратылуына байланысты мемлекет басшысының өкімімен: Жанат Мұратұлы Қожахметов –...

COVID-19: Елордада коронавирус жұқтырғандар саны азаймай тұр

Қазақстанда өткен тәулікте 999 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 124 Алматы қаласы - 79 Шымкент қаласы - 7 Ақмола облысы...

Қазақстандықтар ақпанда неше күн демалады?

Ақпанда мемлекеттік және ұлттық мерекелер болмайтындықтан қазақстандықтар күнтізбелік демалыс күндері ғана демалады. 2021 жылғы ақпанда 28 күн бар. Оның ішінде төрт күн сенбі мен жексенбіге...

Қытайлық ғалымдар мойындады: Жарқанаттардың вирус тасымалдауы 2017 жылы басталған

Ухандық институт ғалымдары үңгірде үлгі жинап жүрген кезде оларды коронавирус инфекциясы бар жарқанаттар тістеп алғанын мойындады. Бұл туралы Taiwan News басылымындағы мақалада айтылған, деп...

Әлемдегі жүктемесі ең көп әуежай анықталды

2020 жылдың қорытындысы бойынша Стамбұлдағы халықаралық әуежай әлемдегі жүктемесі ең көп әуежай болып шықты. Бұл туралы Bloomberg хабарлады.  Екінші орында Париждегі Руасси — Шарль-Де-Голль әуежайы,...

Тоңазытқыштағы сәби өлімі: Атырауда перзентханаға дәрігерлеріне үкім шықты

Атырау соты облыстық перинаталдық орталықтың дәрігерлеріне жаңа туған нәрестені қасақана өлтірді деген айыппен үкім шығарды. «Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен кінәлі деп танылған...

Қазақстанда 1 наурыздан бастап пойыз билеттері қымбаттайды

2021 жылы 1 наурыздан бастап облысаралық және қала маңына қатынайтын барлық әлеуметтік маңызы бар бағыттарға теміржол билетінің құны 7% қымбаттайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Жолаушылар тасымалы»...

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрамында ротация жасалды

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрамында ротация жасалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. «Ұлттық кеңестің жұмысына жұртшылықтың жаңа өкілдері – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі» АҚ Басқарма...

ІІМ көші-қон заңнамасына енгізілген өзгерістер туралы хабарлады

ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитеті төрағасының орынбасары Сабыржан Сейітжанов ІІМ-де өткен апталық брифинг барысында ҚР көші-қон заңнамасына енгізілген өзгерістер туралы айтып берді, – деп...

Samsung басшысы пара бергені үшін 2,5 жылға сотталды

Сеул соты Samsung Group басшысы Чжэ Ён Лидің ісін қайта қарап, оны екі жарым жылға түрмеге қамау туралы шешім шығарды, деп хабарлады Bloomberg. Чжэ Ён...

Мұхтар Тілеуберді жаңа қызметке кірісті

Осы уақытқа дейін Сыртқы істер министрі қызметін атқарып келген Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді бұдан былай сыртқы ведомство басшысы және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары қызметін қоса атқарады. Мұхтар...

Ұлттық экономика министрі тағайындалды

ҚР Президентінің Жарлығымен Әсет Ерғалиев Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды. Әсет Арманұлы1987 жылы 18 маусымда дүниеге келді. Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын...

Серік Шапкенов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне тағайындалды

Президент жарлығымен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне Серік Жамбылұлы Шапкенов тағайындалды. Серік Жамбылұлы 1979 жылы 29 шілдеде Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Қаратөбе...

Үкіметтің жаңа құрамы жасақталды

Қазақстан Үкіметінің жаңа құрамы жасақталды. Бұл туралы Ақорда хабарлады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: Тағайындалсын: Әлихан Асханұлы Смайылов – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары; Роман...

Ауғанстан азаматы Қазақстанда 11 жыл бойы заңсыз жүрген

"Келімсек" іс-шарасы барысында Алматыда 11 жыл бойы заңсыз тұрған Ауғанстан азаматы анықталды деп хабарлайды Polisia.kz. Белгілі болғандай, 30 жастағы шетелдік осы уақытқа дейін мұқият...

30 градус аяз: Синоптиктер алдағы үш күннің ауа райын болжады

Еліміздің синоптиктері алдағы үш күн, 19-21 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды. "Қазгидромет" мамандардың айтуынша, дәл қазір оңтүстік циклон солтүстік-шығысқа ауысады, оның орталығы Каспий теңізінің...

Мейрамбек Бесбаевтың денсаулығы жайлы дәрігерлер не дейді?

Алматыдағы №7 қалалық клиникалық ауруханасының баспасөз қызметі хабарлағандай, әнші Мейрамбек Бесбаевтың денсаулығы жақсарып келеді. «Ол 16 қаңтар күні №7 қалалық ауруханаға жедел жәрдеммен ауыр халде...

Cтуденттер пандемияға байланысты оқу ақысын төмендетуді талап етті

Қырғызстанда жиырмаға жуық жоғары оқу орнының студенттері коронавирус пандемиясына байланысты оқу ақысын төмендетуді сұрайды. Індет таралғалы студенттердің көбі қосымша жұмыстан айырылған, енді бірінің ата-анасы...

“Сұңқар” радиостудиясы өз жұмысын бастады

“Қазақ радиолары” ЖШС және Еуразия ұлттық университетінің өзара ынтымақтастық меморандумы негізінде “Сұңқар” радиостудиясы эфирге жол тартты.  “Біз болашақ арманның асқарымыз Біз елімнің мөп-мөлдір аспанымыз Еркін ойлы,...

Экс-депутат бас редактордың орынбасары қызметіне тағайындалды

Бұған дейін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болған Кәрібай Мұсырман «Egemen Qazaqstan» газетінің Бас редакторының орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Egemen.kz сайты хабарлады. 1957 жылы бұрынғы...

Елімізде теміржол билеттері қымбаттайды

Елімізде темір жол билеттерінің бағасы көтеріледі, деп хабарлайды zakon.kz. 2021 жылғы 1 наурыздан бастап облысаралық және қала маңы қатынастарындағы барлық әлеуметтік маңызы бар маршруттарға теміржол көлігімен...

UFC ардагері коронавирустан қайтыс болды

Америкалық аралас жекпе-жек шебері (MMA) Пол Вареланс коронавирустың асқынуынан қайтыс болды. Бұл туралы MMA Junkie хабарлады. Абсолютті күрес чемпионатының (UFC) ізашарларының бірі 51 жасында бақилық...

Алматыдағы модульді госпиталь құрылысына бөлінген 5,5 млрд теңгенің 4 млрд теңгесі ұрланған

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматыдағы модульді жұқпалы аурулар ауруханасы құрылысы кезінде бюджет қаражатын жымқыру туралы қылмыстық іс тергеліп жатқанын растады, деп хабарлайды Informburo.kz.  "16 қаңтарда...

Қазақстандықтарға доллар бағамы күрт өзгеретіні ескертілді

Қазақстандықтар бір-біріне 27 қаңтарда доллар бағамы күрт өзгеретінін ескертуде, деп хабарлайды zakon.kz. Таратылған хабарламаларда валюта алдағы уақытта алтын стандартына байлаулы болатыны айтылған. Алайда stopfake.kz бұл мәлімдеме...

Ғабит Мүсіреп «Egemen Qazaqstan» газетінің бас редакторы болып тағайындалды

Белгілі публицист, қаламгер Ғабит Мүсіреп қазақ баспасөзінің қарашаңырағы, еліміздің бас басылымы – «Egemen Qazaqstan» газетінің бас редакторы болып тағайындалды. Ғабит Іскендерұлы Мүсіреп – Қа­рақалпақстанның Тақтакөпір...

ДДСҰ өкілі коронавирус қашан басылатынын айтты

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі Мелита Вуйнович "Российская газетаға" берген сұхбатында коронавирустық пандемия қашан аяқталуы мүмкін екенін айтты.  Оның айтуынша, биылғы жылы COVID-19 ауруының жағдайы...

Интернеттегі алаяқттардың арбауына түспеудің 5 сақтық қағидасы

Полицейлердің айтуынша, бұл қылмыстың ең көп таралған түрі – онлайн несие алу. Бұл жағдайда алаяқтар азаматтардың жеке деректеріне алаяқтық жолмен қол жеткізеді немесе онлайн-қарыздарды...

Жаңа қаулы: Павлодар облысында бірқатар мекемелердің қызметі тоқтатылады

Павлодар облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері Батырбек Әлиевтің өңірдегі карантиндік шектеу шараларын күшейту жөнінде жаңа қаулысы жарияланды. Жаңа қаулы ережелеріне сәйкес, әкімдерге бірқатар міндет жүктеліп...

Мақтаарал ауданында карантин шаралары енгізілді

Соңғы бірнеше тәулік ішінде Мақтаарал ауданы аумағында пневмонияның вирусты түрі мен COVID-19 белгілері бар азаматтардың саны артқан. Осыған байланысты аудан әкімі Б.Асановтың тапсырмасына сәйкес...

Димаш АҚШ президентін ұлықтау апталығының ашылу салтанатында ән шырқады

АҚШ президенті Джо Байденнің инагурациялау апталығының ашылуына арналған салтанатты іс-шара өтті. Онда Димаш Құдайберген қазақтың «Самалтау» халық әнін орындады, – деп жазды dimashnews.com. Дәстүр...

Шыңғыс хан жайлы шындық

Белгілі бауыржантанушы, филология ғылымының кандидаты Мамытбек Қалдыбай Ержан Исақұлов пен Зәріпбай Оразбайдың «Шыңғыз хан» кітабы туралы пікір білдірді. Әр елдің терең тамыры мен бай тарихы...

Анкарада Абай альбомының тұсаукесері өтті

Халықаралық ТҮРІКСОЙ ұйымы мен Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің ұйымдастыруымен Анкарада «Абайды түсіну» альбомының тұсаукесері өтті. Бұл туралы Түркия Радио Телевизия порталы хабарлады. ТҮРІКСОЙ ұйымының Бас хатшысы...

Сот үкімі: «Серік-голова» 19 жылға сотталды

Қылмыс әлемінде «Серік-голова» лақап атымен танымал Серік Жаманаев 19 жылға сотталды. Сот үкіміне сәйкес, Серік Жаманаев кінәлі деп танылып, 1,75 миллион теңгесі, 6 мың доллары...

Қазақстан аумағының ғарыштан түсірілген суреті жарияланды

Халықаралық ғарыш станциясы Қазақстан аумағының ғарыштан түсірілген суреттерін жариялады. «Қазақстанның үстінен 264 миль қашықтықтан астам биіктікте Халықаралық ғарыш станциясынан түсірілген көрініс», – делінген суреттің сипаттамасында. Айта...

COVID-19: еліміздің 4 облысы «қызыл» аймаққа енді

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 18 қаңтардағы ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады. Министрліктің мәліметіне сәйкес, Қазақстанның 4 облысы мен 1 қаласы, атап айтқанда, Ақмола,...

Атырауда түрмеге телефон лақтырған 2 азамат қамауға алынды

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мәліметінше, УГ-157/9 (ерлер түзеу колониясы) мекемесінің қоршауынан тыйым салынған заттарды лақтырған екі ер адам ұсталған. «Олар Атырауға Маңғыстау...

Коронавирус пневмониясынан 2 адам қайтыс болды

Сoronavirus2020.kz сайты 18 қаңтардағы жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпаратты жариялады. «16.01.2021ж. коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 17 жағдайы және 2 өлім...

Өткен тәулікте 1003 адамнан коронавирус анықталды

Қазақстанда өткен тәулікте 1003 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, – деп хабарлайды coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 125 Алматы қаласы - 97 Шымкент қаласы...

Қызылқайнар ауылына 70 жылдан кейін ауыз су тартылды

Жамбыл облысындағы Қызылқайнар ауылына 70 жылдан кейін жаңа құбыр тартылып, орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылды. Осы уақыт аралығында елдімекен тұрғындары тау бөктерінен ағатын бұлақ...

Бүгін ауа райы қандай болады – Қазгидромет

Қазгидромет 18 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады. Фронталдық бөліктердің ықпалымен елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында аздаған қар, батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Қазақстан аумағының қалған...

Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар

Өтіп бара жатқан апта ішінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен және Мәжіліс депутаттарының қолдауымен еліміздің Премьер-Министрі қызметіне Асқар Мамин қайта тағайындалды. Сонымен қатар 7-ші шақырылымдағы...