Батыс Қазақстан облысында құны 12 миллион теңгені құрайтын 800 дана пульсоксиметр құрылғысын елден заңсыз түрде әкетпек болған ер адам ұсталды. Бұл туралы «Хабар 24» хабарлайды. Батыс Қазақстан облысы «Сырым» бақылау бекетінде ер адам медицина құрылғыларын шекара асырмақ болған жерінен ұсталды. Белгілі болғандай, күдікті – Қазақстан азаматы. Тәркіленген жүк пен көлік өкілетті органдарға тапсырылды.
Жүктелуде...