Ресейдің Омбы қаласында қазақ мәдениетінің апталығы өтіп жатыр.
Апталық Омбы аймақтық қоғамдық ұйымының, Омбы қазақтарының бастамасымен ұйымдастырылып, кең ауқымды бағдарламаға негізделіп, көптеген бағытты қамтыды.
Іс-шараның алғашқы күні Қазақ халқының тарихы мен мәдениеті бойынша этнокесттен басталды. Одан кейін Омбы қазақтарымен "өңір тарихындағы қазақтар" тақырыбында ашық әңгіме" әрі қарай "Киіз үй-көшпенділердің микрокосмосы" тақырыбымен жалғасты.
Омбыдағы қазақ мәдениеті апталығының екінші күні " Қазақ тілі және оның қазіргі жағдайы" тақырыбына арналды.
3-ші күн "Абай үйі" мәдени-іскерлік үйінің жұмысы аясында Отандастар күні аталды.
4-күн Шоқан Уәлихановтың туғанына 185 жыл толуына орай "Шоқан және Омбы" тақырыбы аясында өтті.
5 күні Ғабит Мүсіреповтің "Ақлима" шығармасына негізделген тұңғыш қазақ спектаклінің жабық көрсетілімі болды. Қойылымның қоюшы режиссері - Мұсайбекова Салтанат.
Апталық аясында желтоқсан айында 50-ші нөмірі жарыққа шығатын "Омба қазақтары" газетінің редакциясымен сұхбат өтті.