Трамп Ақ үйді босатуының шартын айтты

Трамп Ақ үйді босатуының шартын айтты

Трамп Ақ үйді босатуының шартын айтты
ашық дереккөзі
АҚШ президенті Дональ Трамп Сайлаушылар алқасы Джозеф Байденді қолдаған жағдайда Ақ үйді босатып, қызметінен кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Reuters. «Әрине, орнымды босатамын. Бірақ егер Сайлаушылар алқасы Байденге дауыс берсе, қателік жасайды», - деді Ақ үй басшысы. АҚШ көшбасшысы бұл мәлімдемесін Алғыс айту күнінде журналистер алдында сөйлеген сөзінде айтты.  Трамп штаттар билігін сайлаудағы заңсыздықтар үшін айыптауды да ұмытқан жоқ. «Жеңілдім деу қиын, өйткені  жаппай алаяқтық болғанын бәріміз білеміз. Біздің елімізде мұндай жағдай болмауы тиіс еді, үшінші әлем елдері секілдіміз. Бізде дауыстарды өңдейтін машиналар бар, алайда олардың қалай есептейтінін ешкім білмейді», - деді Трамп. Айта кетейік, Сайлаушылар алқасының отырысы 14 желтоқсанға жоспарланған. Еске салсақ, бұдан бұрын Трамп әкімшілігі Байденге билігі өткізуге дайын екенін мәлімдеген болатын.