Диего Марадона қайтыс болды

Диего Марадона қайтыс болды

Диего Марадона қайтыс болды
ашық дереккөзі
Футболдан 1986 жылғы әлем чемпионы Диего Марадона қайтыс болды, деп хабарлайды РИА Новости. Әйгілі футболшының жасы 60-та еді. БАҚ мәліметтеріне сүйенсек, оның жүрегі тоқтап қалған. Футболшының үйіне  жедел жәрдем көлігі жедел жеткенімен, дәрігерлер ештеңе істей алмаған. Ел мақтанышының қазасына орай Аргентина президенті Марадонаға үш күн аза тұту күнін жариялады. Диего Марадона клубтық деңгейде Марадона «Бока», «Барселона», «Севилья» және «Наполи» клубтарында ойнады, Италия құрамасында екі дүркін ел чемпионы болды, УЕФА кубогін жеңіп алды. Аргентина құрамасында 91 матч өткізіп, 34 гол соққан. Футболшы Аргентина құрамасын, Аргентинаның «Расинг» және «Химнастия» клубтарын жаттықтырған. Сонымен қатар, ол арабтардың «Аль-Васл» және «Аль-Фуджайра» клубтарында жұмыс істеді. Беларуссияның Динамо Брест клубының құрметті президенті болды. Марадона соңғы рет 30 қазан күні өзінің 60 жылдығына арналған "Химнасия мен Эсгрима" командасы мен "Патронатоның" ойынында көпшілік алдына шықты. Матч алдында оған ескерткіш тақта табыс етілді. Алайда мерейтой иесі денсаулығының нашарлап тұрғанын айтып, матч кезінде кетуге мәжбүр болған.