"Nur Otan" партиясының кезектен тыс XX Съезі жұмысын бастады. Съезд ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өтіп жатыр. Жиын барысында Мәжіліске арналған партиялық тізім, сондай-ақ жұмыс органдарының құрамы мен өзге де өзекті мәселелер қаралады. 126 кандидаттан құралған тізім "Nur Otan" партиясының ХХ съезіне ұсынылады.
Жүктелуде...