Ресейдің Свердлов облысында дайындалған антисептиктен уланған тағы бір Ресей азаматы қайтыс болды. Бұған дейін ажалды антисептикті ішімдік ретінде пайдаланған 7 адам көз жұмып, тағы 2 адамның ауыр халде ауруханада ес-түссіз жатқаны хабарланған болатын. Бұл жолы Алдан ауданы, Угоян ауылының тұрғыны Алдан қаласынан 1 литр антисептик сатып алып, ішкен. Көп уақыт өтпей ер адам тіл тартпай кеткен. Оның дәл сол 7 адамның өліміне себеп болған ажалды антисептикті ішімдік ретінде тұтынғаны белгілі болды. Зертханалық тексеріс кезінде антисептиктің құрамында метанолдың шамадан тыс мөлшері (62-ден 69 пайызға дейін) анықталған. Күмәнді антисептиктің жапсырмасында құрамы туралы ақпарат жоқ, тек 70% спиртті құрайтыны жазылып, ол қандай спирт екені жазылмаған екен. Осыған орай, қазақстандық дәрігерлер де антисептик сатып аларда мұқият құрамын қарап, күдік тудырған өнімді алмауға кеңес береді. Сондай-ақ, медицина мамандары антисептикті ішімдік ретінде тұтынуға мүлде болмайтынын ескертеді.
Жүктелуде...